Саяси кеңес делегаттары мен мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «ADAL» партиясынан Мәжіліс мандатына кандидаттар тізіміне 20 адам енді:
- Серік Сұлтанғали - «ADAL» партиясының төрағасы;
- Эльдар Жұмағазиев – мемлекет және қоғам қайраткері, бірқатар білім және әлеуметтік жобалардың авторы, экономист, саясаттанушы;
- Ардақ Назаров - белгілі спортшы, қоғам белсендісі;
- Мақсат Толықбай - белгілі тележурналист, «Ашық алаң» тележобасының жүргізушісі, Maltabu.kz сайтының авторы;
- Алмасбек Садырбаев - председатель Национальной ассоциации овцеводов Казахстана «Шопан Ата» Қазақстан қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы;
- Дәулет Мұқаев - тележурналист, қоғам белсендісі;
- Олжас Ордабаев - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, білім беру саласының сарапшысы;
- Жигули Дайрабаев – «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті;
- Нұрлыбек Малелов - қаржыгер, мемлекет қайраткері;
- Ғалымбек Жақсылықов – қоғам қайраткері, Қызылорда облысының белсенді тұрғыны;
- Лаура Маликова – «Тәжірибелі экологтар қауымдастығының» төрағасы;
- Игорь Шацкий – кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі сарапшы;
- Алина Абдрахманова - бизнес-білім беру саласын басқару жөніндегі маман, сарапшы;
- Халиола Акдрашев – кәсіпкер;
- Ляззат Чинкисбаева - «Менің Атамекенім» әлеуметтік қорының төрағасы;
- Мұрат Қожамқұлов – партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы;
- Ғани Абадан - партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы;
- Тимур Абдыкаримов – партияның Маңғыстау областық филиалының төрағасы;
- Ақмарал Бекмұрзаева - бизнес-тренер, кәсіпкер;
- Әнуар Керембаев – экономика сарапшысы.
Сондай-ақ, саяси кеңес пен өңір делегаттары бекіткен сайлауалды бағдарламаның жобасы ұсынылды. Құжат 5 негізгі бағыттан тұрады:
- Халықтың өмір сапасын көтеру;
- Кәсіпкерлік – дамыған мемлекеттің іргетасы;
- Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беру;
- Өңірлердің өркендеуі – қуатты мемлекет діңгегі;
- Өмірге қолайлы мемлекет.