Қазақстан • 20 Қараша, 2020

Аида Балаева АҚШ Елшісімен кездесті

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Мозермен кездесті.

Аида Балаева АҚШ Елшісімен кездесті

Әңгімелесу барысында Министр Қазақстан мен АҚШ екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық шеңберінде, атап айтқанда, діни қызметті реттеу, оның ішінде адамның діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласында жақын және сенімді қарым-қатынас орнатуды жалғастырып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның отандық медиа-саланы жаңғырту, мықты және бәсекеге қабілетті отандық БАҚ-ты дамыту, мемлекеттің қоғаммен және медиа-нарықтың кәсіби қатысушыларымен диалогы үшін жағдай жасау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде, Елші Министрліктің ақпарат, діни сенім бостандығы және азаматтық қоғамды дамыту салаларындағы қызметін, атап айтқанда, гранттық қаржыландыру аясында ҮЕҰ-ды қолдауды жоғары бағалады.

Кездесу соңында тараптар тығыз және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға ниет білдірді.