Қоғам • 20 Қараша, 2020

"Мың бала" мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

7 рет көрсетілді

Бүгін, 20 қарашада Нұр-Сұлтанда "Асыл сөз" республикалық мектебінің шеңберінде "Мың бала" мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов және тағы басқалары қатысты.

Жансейіт Түймебаев өз сөзінде Жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының бастауымен еліміздің барлық өңірлерінде 2015 жылдан бері іске асырылып жатқанын айтты. Жоба мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдіргендерге жақсы мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондықтан Жобаға қатысушылар мен жеңімпаздар саны жылдан жылға ұлғайып келеді. Мәселен, 2018 жылы жеңімпаздар саны 47 болса, 2019 жылы 57-ге дейін жетті.

Ағымдағы жылы 65 адам Жоба жеңімпазы атанды.

«Мың бала» жобасы шеңберінде осы жылы қазақ тіліне үйрететін «Тіл мектебі» атты авторлық бағдарлама әзірленді, түрлі этностардың балалары мен жастарына арналған «Асыл сөз» мектебінің коммуникативті тренингтері мен курстары өткізілді. Ағымдағы жылы Жоба шеңберінде «Абайдың 175 жылдығы» акциясы іске асырылғаны айтулы оқиға.

Өз кезегінде өңірлердегі Жоба жеңімпаздары да сөз алып, аталмыш жобаға қатысып өз қабілеттерін көрсете білгендері үшін Жоба ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді. Барлық өңірлердегі жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар жіберілді.

Іс-шара ұйымдастырушысы – ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты.

Соңғы жаңалықтар

"Oskemenbus" қосымшасы іске қосылады

Аймақтар • Бүгін, 19:37

Қап тауындағы тұтқын

Қазақстан • Бүгін, 16:20

Қазақстанда доллар арзандады

Экономика • Бүгін, 11:46

Қолды болған гараж

Аймақтар • Бүгін, 11:01

IX Азаматтық форум басталды

Аймақтар • Бүгін, 10:15

Пневмония 44 адамда тіркелді

Медицина • Бүгін, 09:41

Елімізде 514 адам індеттен айықты

Коронавирус • Бүгін, 09:04

Абылайдың жолымен жүріп өтті

Руханият • Бүгін, 08:44

Ұқсас жаңалықтар