Әлем • 21 Қараша, 2020

Қарашаның 29 күні Жерге алып астероид жақындайды

955 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жерге алып астероид жақындап келеді. НАСА ғалымдарының есебіне сенсек аспан денесі қарашаның 29-да Жердің қасынан ұшып өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарашаның 29 күні Жерге алып астероид жақындайды

Астероидттің диаметрі 370-тен 820 метрге дейін. Ол, шамамен 5 футбол алаңына тең. Астероидты ғалымдар 153 201 деп атады.

Астероид Жерден 4 млн шақырым қашықтан, секундына 25 шақырым жылдамдықпен өтуі тиіс.

Бұл алып астероид 2000-шы жылдан бері белгілі. Күнді ол шамамен 318 тәулікте бір рет айналады екен.