Қоғам • 22 Қараша, 2020

Азаматтардың жеке деректерін жинау үшін Telegram-бот іске қосылғандығы - фейк

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек министрлігі Қазақстан азаматтарының жеке деректерін жинау үшін Telegram-ботты іске қосты деген ақпарат жалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азаматтардың жеке деректерін жинау үшін Telegram-бот іске қосылғандығы - фейк

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен мобильді телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-боты ашылғандығы туралы ақпарат фейк болып табылады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боты іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұрамайды.

«Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұраймыз. Еске сала кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен қудаланады»,-делінген хабарламада.