Спорт • 22 Қараша, 2020

Фристайлшы Дмитрий Рейхерд Швецияда қола алды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швецияның батысында орналасқан Идре қаласында фристайлдан FIS Open турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фристайлшы Дмитрий Рейхерд Швецияда қола алды

Осы жарыста могулдан өнер көрсеткен Дмитрий Рейхерд қола медальді иеленді. 31 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тумасы тек Францияның қос мықтысы – Мартин Сюре (Франция) мен Бенжамин Каведен (Франция) ғана қалып қойды. Қазақстанның тағы бір өкілі, 24 жастағы Павел Колмаков 13-орында қалып қойды.

Әйелдер арасындағы жарыста да бас жүлде Францияның өкіліне бұйырды. Бұл бәсекеде Перрин Лаффонның бағы жанса, америкалық Тесс Джонсон мен жапониялық Юки Кадзивара күміс пен қола медальді өзара бөлісті. Жерлестеріміздің арасынан ең үздік нәтижеге Анастасия Городко қол жеткізді. Ол бесінші орынды еншіледі.