Аймақтар • 22 Қараша, 2020

Нұр-Сұлтанда жол қозғалысына өзгеріс енгізіліп жатыр

335 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Департаменттің баспасөз қызметіне таратқан мәліметтерге қарағанда, аталмыш шара мемлекетік органдармен бірлесе отырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатыда жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда жол қозғалысына өзгеріс енгізіліп жатыр

Астаналық Полиция департаментінің басшысы Ержан Саденовтің айтуынша, биылғы жылы жол қозғалысын ұйымдастыру кестесін өзгерту бойынша жұмыстар жүзеге асырылып, жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғылар орнатылды.

Мысалы 23 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтетін жол мен 8 даңғылда бағдаршам орнатылды. Жаяу жүргіншілер өтетін 16 жол жарықтандырылып, 8 даңғылда қосымша бағдаршам секциялары орнатылды.

Елорданың жол қозғалысын ұйымдастыру кестесіне өзгеріс енгізу жұмыстары шетел тәжірибесі бойынша ілкі жоба аясында жыл бойына шетінен жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда 19 даңғылда сол жаққа бұрылып, маневр жасауға тыйым салынып, көлік ағынында қарама-қайшы қозғалысты қысқарту мақсатында айналып, бұрылуға да тайым салынды. Бұл ретте балама мүмкіндік ретінде 13 жол бөлігінде айналып, бұрылуға мүмкіндік беретін қауіпсіз орындар жасалды. Тағы 2 бөлікте осы тектес жұмыстар жүргізілуде.

Биылғы жылы Уәлиханов пен Сейфуллин («Артем», «Магнум» сауда үйлері) даңғылында алғашқы диагональды жаяу жүргіншілер өткелі қолданысқа енгізілді.

Жаяу жүргіншілерге арналған бұл өткелдің өзгелерден айырмашылығы бүкіл автомобиль қозғалысының даңғылда уақытша тоқтап, жаяу жүргіншілердің бәрінің бір мезгілде, сонымен қатар жолды қиғашынан кесіп өтуіне мүмкіндік жасау болып тбылады.

Көлікке қарағанда, жаяу жүргіншілерге басымдық беру жолды қиғашынан кесіп өтуге мүмкіндік жасайды. Өз кезегінде бұл жая жүргіншілер үшін қолайлы әрі қауіпсіз болып табылады.

Балалар зардап шегетін жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында білім беру нысандарының жанындағы 69 жол бөлігіне ақ-сары түске бойялған жолақтар салынды. Ал 92 жол бөлігінде сарымен боялған жасанды жайсыз жолдар мен қозғалысты шектейтін жол белгілері орнатылды. Отырар 8/1 мен Желтоқсан көшелерінде жаяу жүргіншілер өтетін жолға бірнеше метр қалғанға дейінгі аралыққа жүргізушілерге ескерту ретінде ирелек жолақтар жасалды. Сонымен қатар бағдаршамның қызы-жасыл түстері жанатын уақыт аралығы 3-тен 4 секундқа дейін артты. Осы шаралардың нәтижесінде реттелетін даңғылдардағы жол-көлік оқиғаларының саны 55% қысқарды.

«Жалпы осы бағытта атқарыған жұмыстар елорда жолдарында жол-көлік оқғаларының санын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді»,-делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.