Медицина • 22 Қараша, 2020

Коронавирус жұқтырған 214 адамның жағдайы нашар

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 қарашадағы коронавирустық инфекциядан 11 191 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 214 адамның жағдайы нашар

Олардың арасында 614 бала бар. Стационарларда 3 165 науқас жатыр.  8 026 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 29 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені  жасанды желдету аппаратында жатыр.