Коронавирус • 22 Қараша, 2020

Ресейден әкелінген құс еті өнімдерінің сыртқы қаптамаларынан коронавирус анықталды

34 рет көрсетілді

Ресей мен Аргентинадан әкелінген құс еті өнімдерінің сыртқы қаптамаларынан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайдың Дунгуань қаласында жергілікті Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының мамандары Ресей мен Аргентинадан әкелінген мұздатылған тамақ өнімдерінің сыртқы қаптамаларынан коронавирустық инфекцияны анықтаған.

Импортталған өнімдерді тексере келе, атап айтқанда Ресейден әкелінген тауық аяқтары мен Аргентинада өндірілген тауық қанаттарының сыртқы қаптамаларынан мамандар коронавирустық инфекцияны тапқан.

COVID-19 анықталғаннан кейін жергілікті билік өкілдері өнімдерді қайта мөрлеп, қоймаларды дезинфекциялап және өнімдердің қаптамалармен тікелей байланыста болған адамдарды тексеруден өткізген. Барлық сынақтар теріс нәтиже көрсеткені мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар

Қаламгерге құрмет

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар