Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 23 қараша күні Ақмола, Түркістан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады және жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.
Осындай жағдай Нұр-Сұлтанда да қалыптасады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.
Жамбыл облысында ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%, Түркістан облысында 90-95%, Батыс Қазақстанда 85-90%, Маңғыстауда 85-90%, Солтүстік Қазастанда 90-95% және Ақмола облысында 85-90%.