Экономика • 23 Қараша, 2020

Коммуналдық сектор көмірмен қамтылды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, сондай-ақ Павлодар облыстарының және Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдіктері қысқы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық сектордың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін көмір жеткізуді аяқтады.

Коммуналдық сектор көмірмен қамтылды

2020-2021 жылдардағы кезең­де коммуналдық-тұрмыстық және халықтың қажеттілігін қанағат­тандыру үшін жоспарға сәйкес, тұ­тыну көлемі шамамен 10 млн тоннаны құрайды. Оның ішін­де коммуналдық-тұрмыстық сектор­ға шамамен 2,8 млн тонна, сол секілді халыққа 7,2 млн тонна бағыт­талмақ. 17 қарашадағы жағ­­дай бойынша көмір қорымен қам­тамасыз етілу деңгейі – 87%.

Былтыр жылыту маусымы­ның ұқсас кезеңінде қатты отынмен қамтылу көрсеткіші ком­муналдық-тұрмыстық секторда 83,5%-ды, әлеу­меттік секторда 81,1%-ды құраған еді.

Әкімдіктердің ақпаратына сүйенсек, өңірлердегі көмірдің бағасы халыққа тоннасына 6 мың теңгеден бастап, 19 мың теңгеге дейін белгіленген.

Кеніштегі баға тоннасына 2800 теңгеден 8200 теңгенің аралығында және көмір өндіру технологиясына байланысты. Елдің энергетикалық және өнер­кәсіптік кәсіпорындарына көмір тікелей келісімшарт арқылы және шикізат ошақтарындағы босату бағасы бойынша жіберіледі.

Еліміздің энергия өндіруші кәсіпорындарына 47,3 млн тонна көмір тиелсе, өнеркәсіп кәсіп­орындарына 4,7 млн тонна көмір жіберілді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 2% - ға артық. 23,7 млн тонна көмір экспортталды.