Үкімет • 23 Қараша, 2020

Шойын жолдың сапасы тексерілді

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалдарында темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамту мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді.

Шойын жолдың сапасы тексерілді

Арнайы жабдықтар мен мобильді диагностикалық кешен қолданылып, темір жол­дар мен бағыттамалы бұрма­ларды тексеру нәтижесінде (тек­серу қазан айында Қа­зақ­­­станның барлық өңір­лерін­­де жүргізілді) жолаушы­лар мен жүк пойыздары жү­ретін темір жолдарда қоз­ға­лыс қауіпсіздігіне қауіп төн­­діретін 1 мыңнан ас­там қателік анықталды. Тек­серу­дің қо­рытындысына сәй­кес, шо­­­йын ма­гистральды кү­тіп ұстауға қа­тысты олқы­лық­­тарды жою туралы нұсқа­малар берілді.

Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтарға байланысты 127 темір жол мен 108 бағыттамалы бұрмаларды пайдалану тоқтатылып, 350 жыл­дамдық шектеулері енгі­зілді. Сондай-ақ арнайы жылжымалы құрамның 56 бір­лігін пайдалану тоқтатылды. Бұл олқылық­тарды жойғанға дейін Шығыс Қазақстан, Пав­ло­дар, Қостанай және Қара­ғанды облыстары мен басқа да өңір­лер­де қозғалыс шекте­ліп, жолау­шылар мен жүк по­йыздары­ның жүру кестесінде өзгерістер байқалды.

Биылғы он айда темір жол көлігі субъектілері қозғалыс қауіп­­­сіздігіне байланысты 826 де­рек тіркеліп, көліктік бақы­лау қыз­­меткерлері 53 млн теңге­ге жуық қаражатқа әкім­ші­лік мате­риалдар толтырды. Был­тыр­ғы ұқ­сас кезеңмен салы­стыр­ған­да атал­ған бағытта өрескел қате­лік­тер­дің өскені (2019 жылы 808 бұзу­шылық тіркелді) байқалады.