Экономика • 23 Қараша, 2020

Он ай нәтижесі ойдағыдай («Самұрық-Энерго» 2020 жылдың он айын қорытындылады және 2021 жылға арналған электр қуатын сатуға қатысты)

127 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын жалғап тұрған электр жеткізу желілерінің өткізу мүмкіндігін ескере отырып, электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өтті. Сауда-саттық Электр энергиясы мен қуаты нарығының Қазақстандық операторы – «ЭҚНҚО» АҚ-ның алаңында өтті.

Он ай нәтижесі ойдағыдай («Самұрық-Энерго» 2020 жылдың он айын қорытындылады және 2021 жылға арналған электр қуатын сатуға қатысты)

 

БЭЖ-інің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарына тиесілі сауда-саттықтың жиынтық кө­лемі 5178,91 МВт-ты құрады. Электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бойынша ұсы­нылған қызметтің жиынтық көлемі – 5875 МВт.

Алдын ала жасалған есептеулер бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ-тың электр стансалары сауда-саттықта 2768 МВт электр қуатын сатқан, соның ішінде: «Алматы электр стансалары» АҚ – 490 МВт, «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ – 625 МВт, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – 1653 МВт.

Электр қуатын сату нәти­желері «Самұрық-Энерго» АҚ-тың энергетикалық жабды­ғының 2021 жылы тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тұтас алғанда, 2020 жылғы қаңтар-қазан аралығында Қазақ­станның электр стансалары 87 186,3 млн кВт сағ. электр энер­гия­сын өндірген, бұл 2019 жылғы осы кезеңмен салыс­тырғанда 1,5%-ға көп. Электр энер­гиясын өндірудегі өсім Қа­зақ­­станның Бірыңғай энерге­ти­калық жүйесінің барлық айма­ғында байқалды.

Қазақстанның электр энергиясы мен көмірінің нарығына 2020 жылғы қаңтар-қазан ара­лығында «Самұрық-Энерго» АҚ жүргізген талдауға сай, бай­­­ланысқан электр энергиясын өндіру 42,8 млрд кВтсағ. құрады, бұл 2019 жылғы осы ке­зеңмен бірдей. Сонымен бірге 2019 жылғы қаңтар-қазан айла­рымен салыстырғанда, байла­нысқан электр энергиясын өн­діру үлесі бұрынғы деңгейде қа­лып, Қазақстандағы жалпы электр энер­гиясын өндіру көлемінің 49,9%-ін құрады.

Бұл орайда, «Самұрық-Энерго» АҚ энергия өндіруші ұйым­дарының 2020 жылғы қаң­тар-қазан айларында өндір­ген электр энергиясының көлемі 24 083,1 млн кВт сағатты құра­ды немесе 2019 жылғы осы кезең­нің көрсеткіштерімен салыс­тыр­ғанда өсім – 0,3%.

CЖРА Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, Қазақстанда 2020 жылғы қаңтар-қазан айларында 87,8 млн тонна тас көмір өндірілді, бұл 2019 жылғы осы кезеңге қа­ра­ғанда 2%-ға аз (89,1 млн тонна).

«Самұрық-Энерго» АҚ және ресейлік «РусАл» БК тең негізде басқаратын көмір өндіруші компания – «Богатырь Көмір» ЖШС осы кезең ішінде 35,1 млн тонна көмір өндірді, бұл 2019 жылғы осы кезеңге қарағанда 3%-ға аз. Жыл басынан бергі 10 айдың ішінде 35,1 млн тонна көмір са­тылды, соның ішінде: Қазақстанның ішкі на­рығына 26,7 млн тонна са­тылды және 8,4 млн тонна экс­портқа (РФ) шығарылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-тың ЖЭК объектілері (КЭС, ЖЭС және шағын СЭС-тер) 2020 жыл­ғы қаңтар-қазан айларында 278,5 млн кВтс электр энергиясын немесе ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясының жалпы көлемінің 10,3 пайызын өндірді, бұл 2019 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 5,3 пайызға төмен.

Компанияның 2020 жылғы қаңтар-қазан айларында «таза» электр энергиясын өндірудегі үлесі (КЭС, ЖЭС, ірі және ша­ғын СЭС-тер) 2019 жылғы осы кезеңге қарағанда (2 514,8 млн кВтс) – 8,7 %-ға төмендеді (2 296,6 млн кВтсағ).

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі элек­тр энергетикалық холдинг, ак­цияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тие­сілі. 2007 жылы құрылған. Жұ­мы­сының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жет­кізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өн­діру. Холдингтің құ­рамына энер­гия және көмір өндіру кәсіп­орындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станса­лары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электрстансасы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.