Әлем • 23 Қараша, 2020

Кабулда тағы теракт болды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстан астанасы Кабулда зымыран жарылып, нәтижесінде 8 азамат қаза болды. Елдегі экстре­мистік топтардың бірі – Та­либан оқиғаға қатысы жоғын айтып, жағдайды жауапкершілігіне алудан бас тартты.

Кабулда тағы теракт болды

Зымырандар Кабулдың «жасыл аймағында», яғни елшіліктер мен халықаралық компаниялар орналасқан бөлігіне құлаған. Ішкі істер министрлігінің өкілі Тариқ Ариан мән-жайды анықтау үшін арнайы топ құрылып, зымырандар қайдан жіберілгені және жарылу себебі анықталатынын мәлімдеді. «Терроршылар зымырандарды жүк көлігінен жіберген. Істің анық-қанығы міндетті түрде анықталады. Әзірге 8 кісінің қаза тауып, 31 азаматтың жараланғаны мәлім», деді ол.

Елдегі қарулы күштер мұны террорлық топтармен, әсіресе ДАИШ-пен байланыстырады. Бұл болжамға олардың Ауғанстан арқылы қару-жарақ тасуы себеп. Талибан жауапкершіліктен бас тартты. Олар «Ауғанстан үкіметімен күрессек те, қоғамдық орындарда қару қолданбаймыз» деген мәлімдеме жасады.