Әлем • 23 Қараша, 2020

Иран кеселді құрықтауға асығар емес

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран үкіметі ко­ро­навирусқа шалдыққан науқастар санының артуына байланысты жаңа ережелерді таныстырды. Алайда сарапшылар елде карантин болмай, статистиканың төмендеуі екіталай екенін айтады.

Иран кеселді құрықтауға асығар емес

Өткен сенбі күні Иран билігі ел аймағын бірнеше бөлікке бөліп, оларға арнайы түс берді. Науқас саны көп елді мекендер «қызыл аймаққа» жатқызылып, бірқатар шектеу қойылды. Ол жақта мейрамхана, дәмхана, барлардың жұмысы тоқтатылғанымен, мемлекеттік қызметшілердің жартысы ғана қашықтан жұмыс істеуге көшті. Дегенмен жеке компаниялар да қызметтерін көрсетіп жатыр. Сонымен бірге кешкі 9-дан таңғы 4-ке дейін ғана көшеден шығуға тыйым салынған. Бір айта кетерлігі, елдегі 32 провинцияның 25-і «қызыл аймақ» қатарында. Қызыл аймақта бұрыннан тіркелмеген көліктер бұдан бұлай қажет провинцияларға өте алмайды.

Сарапшылар Иранда үшінші толқынның бас­тал­ғанын айтады. Олардың ойынша, елде қатаң карантин орнатылуы керек. Кейінгі күндерде вирус­тан күн сайын 400-ден астам адам қайтыс болды. Демалыста 13 421 кісінің вирус жұқтырғаны мәлім болды. Мамандар жағдайдың түзелуі үшін үкімет таныстырған шектеулердің жеткіліксіз екенін айтады. Денсаулық сақтау министрлігі де мұны жоққа шығармайды. Жауапты құрылым өкілі Сима Садат Лари науқастар санының артуы жағдайдың ауыр екенін, бұл тоқтамаса Иран үшін қыс айлары күрделі әрі жауапты мезгіл болатынын хабарлады. Үкімет вирустың тез таралуына отбасылық жиындар себеп дейді. Алайда жыл басындағыдай қатаң карантин жариялап, кеселді құрықтауға асығар емес.