Руханият • 23 Қараша, 2020

Алматыда онлайн Мәуліт кеші өтті

532 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы қаласында "Адамзаттың асылы – Мұстафа" атты рухани онлайн Мәуліт кеші өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда онлайн Мәуліт кеші өтті

Мәуліт кеші Ерсін қари Әмірінің Құран оқуымен басталды. Бұдан кейін белгілі ақын, сазгер Жәкен Омаров екі жылдан бері эксклюзив деп танылған қазақша мәуліттің үшінші бөлімін жырлады.  

Жәкен Омаров 2018 жылы орындап бастаған қазақша мәуліт жырында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келуі мен қырық жасқа (пайғамбарлыққа) дейінгі өмірін баяндаған еді. Былтырғы Мәуліт жыры алғашқы уахидың келуінен (пайғамбарлық миссияның басталуы) бастап Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеде дінді жаюы, сахабалардың Ислам дініне кіруі, Миғраж сапары, соңында мүшріктерден қысым көргені және Мәдинаға қоныс аударуымен аяқталған-ды. Ал биылғы Мәуліт жырында Жәкен Омаров Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина қаласына келуінен бастап Бәдір шайқасына дейінгі кезеңді жырлап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Алматыдағы Мәуліт кеші барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы онлайн құттықтау жолдады. Бас мүфти барша қазақстандықтар мен мұсылман жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтап, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен дініміздің асыл құндылықтары жайлы айтты.

Онлайн Мәуліт кешінде Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры арнайы әзірлеген ғибратты қойылымел назарына ұсынылды. Қойылымда бізден бұрын өмір сүрген ізгілердің Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ақ жолын қалай ұстанғаны және дін деген ұлы аманатты келер ұрпаққа қалай жеткізгені туралы сауалдарға хикметпен жауап беріледі. Сондай-ақ "Өнер қырандары" әзіл-сықақ театры мен Сәкен Майғазиевтің Смарт мектебі Мәуліт кешіне арнап сахналық қойылым әзірледі.

Кеш басында әншілер Ерген Айтымбетов "Әл-Мұхтар" , Райым Уайыс, Ерген Айтымбетов, Сержан Әли, Қанатбек Полатбек "Мұстафа" әндерін, Жасұлан Мұсағали" Мен қазақпен" термесін тебірене шырқады. Одан бөлек онлайн Мәуліт кешінің атауымен жаңа кітап жарық көрді. ҚМДБ-ға қарасты "Имам Матуриди" ғылыми-зерттеу орталығының әзірлеген бұл еңбек – ғұлама Хафиз Мұғалтай ибн Қылыш Ханафидің "Адамзаттың асылы – Мұстафа" атты кітабының аудармасы. Кітапты өңдеп, ғылыми сілтемелер берген Мұхаммед Низамуддин Футаийх. MUFTYAT баспасынан шыққан еңбекте Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмыры мен тәлімгерлік тағылымы баяндалған. Кітап рухани кемелдікті іздеген барша оқырман қауымға арналған. Құнды еңбектің жалпы редакциясын басқарған – Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Нұр-Мүбәрак университетінің ұстазы, белгілі ғалым Бауыржан Әлиұлы және Алматы қаласы "Төле би" мешітінің бас имамы Ерсін Әміре. Еңбекті қазақ тіліне аударған – исламтанушы Ержан Досқалиұлы.

Кітап Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті тарапынан жүргізілген дінтану сараптамасының және ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі тарапынан жүргізілген сараптаманың оң қорытындысын алған.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20