Әлем • 23 Қараша, 2020

ДДҰ коронавирустың үшінші толқыны туралы айтты

671 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылы Еуропада коронавирус инфекциясының үшінші толқынының болуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Egemen.kz

ДДҰ коронавирустың үшінші толқыны туралы айтты

Ұйым Еуропа елдеріне вирусты бақылауға алуы керек екендігін ескертті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы өкілі Дэвид Набарро Еуропа коронавирустық инфекция пандемиясының үшінші толқынына 2021 жылдың басында тап болуы мүмкін екенін айтады. 

«Олар бірінші толқынды бақылауға алғаннан кейін жаз айларында қажетті инфрақұрылымды салуды жіберіп алды. Қазір екінші толқын жүріп жатыр. Егер олар қажетті инфрақұрылымды салмаса, келесі жылдың басында үшінші толқын болады», – деді Дэвид Набарро.

Ол, сонымен қатар, Еуропаның Азия елдерінен үйренетін нәрсе бар екенін айтты.

«Вирусқа жылдам әрі батыл жауап беру керек. Әсіресе басында, вирустың әр түрлі қауымдастықтар ішінде өте баяу таралатын кезінде. Егер сіз сенімсіз әрекет жасасаңыз, мәселе өте тез артады», - деді ДДҰ-ның арнайы өкілі.

Айта кетейік, Еуропа елдерінде коронавирусты жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың жалпы саны 59 миллионға жақындады.