
Сонымен қатар, ел билігі індетті жұқтырғандардың нақты саны ресми статистикадан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін екенін мойындап отыр.
Індеттің таралуының күрт өсуіне жеткіліксіз шектеу шаралары мен биліктің де, халықтың да жауапсыздығы себеп болуы мүмкін. Мысалы, наурыз айында жергілікті телеарналарда коронавирустың таралуы төтенше жағдай емес деп айтылған жарнамалар көрсетілген, ал ел басшысы Андрес Мануэль Лопес Обрадор тұмар тағу мен дұға оқу коронавирус инфекциясынан қорғай алады деп мәлімдеген болатын.