Спорт • 23 Қараша, 2020

Антон Худобин үздік қақпашылар қатарында

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Даллас Старз» клубы сапында өнер көрсетіп жүрген Ресей жұлдызы Антон Худобин Ұлттық хоккей лигасындағы (ҰХЛ) «ТОП-10» қақпашының санатына енді.

Антон Худобин үздік қақпашылар қатарында

Негізі бұл хоккейші бізге бөтен емес. Антон 1986 жылы Өскемен қаласында туып-өсті. Сол жақта осы өнердің қыр-сырына қанығып, үлкен спорттағы алғашқы қадамын жасады. Кейіннен Ресейге қоныс аударып, Магнитогорскінің «Металлург» клубының жейдесін киді. 2007 жылы ол Америкаға аттанды.

Антон Худобин ҰХЛ-да бірақтар командалардың намысын қорғады. Солардың қатарында «Миннесота Уайлд», «Бостон Брюинз», «Каролина Харрикейнз» және «Анахайм Дакс» секілді клубтар бар. 2008 жылдан бері «Даллас Старздың» сапында өнер көрсетуде.

NHL Network арнасының сарапшылары жасаған рейтингте Антон Худобин 10-орынға табан тіреді. Ал үздік үштікте ресейлік Андрей Василевский («Тампа Бэй Лайтнинг»), финляндиялық Туукка Раск («Бостон Брюинз») және америкалық Коннор Хеллебайк («Виннипег Джетс») сынды әйгілі қақпашылар бар.