Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың мәлімдеуінше, өткен тәулікте зертханаларда коронавирустық инфекцияға сынама тапсырған 2 233 адамның екеуінен оң нәтиже шыққан. Бүгінде облыста тест қалдығы – 76 763. Індеттің ықтимал екінші толқынына дайындық мақсатында өңірде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы үздіксіз жабдықталуда. 8 ауруханада қосымша оттегі станциялары орнатылған. Сондай-ақ 80 бірлік оксигенация аппараты (HI-FLOW) сатып алынды. Бұдан бөлек, оттегі концентраторларының саны 900-ге жеткізіліп, оттегі нүктелерінің саны 2 095 нүктеге дейін арттырылған.
Барлық емдеу мекемелерінде 2-3 айлық дәрі-дәрмек қоры дайын. Жедел-жәрдем қызметіне 122 автокөлік қамтамасыз ету жоспарланып, бүгінде 77 автокөлік жеткізілген.