28 Қараша, 2013

Алматы жаймабазарлары келесі жылы ретке келтіріледі

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 11 -baraholhaАлматы қаласындағы «барахолканы» ретке келтіру мәселесі 2014 жылы шешімін табады. Бұл туралы Total.kz хабарлады.

Жоспар бойынша алдымен жаймабазардың солтүстік бөлігіндегі жол кеңейтілетін болады. Бұл төңіректегі жұмыстарды пысықтау мәселесі бірнеше рет қаралған. Алматы қалалық жер қатынастары басқармасы заң бөлімінің бастығы Аурика Жүнісбекованың мәлімдеуінше, «барахолка» аумағында негізінен жиырма сегіз сауда нүктелері орналасқан. Соның ішінде он бірін талапқа сай қайта құрылымдаудан өткізу ісі күн тәртібінде тұр. Ал қалғандарын бұзуға шешім қабылданған. Осы орайда, Алатау ауданының төңірегіне шамамен 4 сауда үйін және Жетісу ауданының маңайына осындай 7 нысанды салу ісі жоспарланғанын атап өткіміз келеді. «Жаймабазарларды бұзу қиындық туғызатыны жасырын емес. Дегенмен, қауіпсіздік үшін заң талабына бағынған жөн. Ал 2010 жылы бірқатар жаймабазарларды бұзу туралы сот шешімі шықты. Осыны орындау мәселесі енді ғана қолға алынды. Нақты айтқанда, жыл соңына дейін «Аякөз», «Жаркент», «Арал», «Ақжар», «Давун» сынды базарлар бұзылады»,-дейді А. Жүнісбекова.

Жаңадан салынатын сауда нүктелері жол-көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі тиіс. Ол бойынша атқарылатын жұмыс жоспарын жыл аяғына дейін құзіретті органға тапсыру сауда нүктелерінің иелеріне міндеттелді. Бұл талап орындалмаған жағдайда, жергілікті билік өз талабын сотқа жолдауға бекініп отыр. Сонымен, «барахолканың» төңірегіндегі дау-дамай енді реттелетін секілді.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: Total.kz

Соңғы жаңалықтар