Түркі әлемінің тұлғасы Қожа Ахмет Ясауи тарихын түгендеу және толыққанды мәліметтер топтастыру һәм тың деректер іздеу мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Ясауи ізімен» атты экспедиция ұйымдастырды.

СУРЕТТЕРДЕ: Ысқақ баб (Баба ата) кесенесі; Тайқазанды құйған шебер Әбдуләзиздің зираты.
Экспедиция мүшелері әуелгі сапарын Созақ өңірінен бастады. Бұл өңір күллі түркі жұртына тамыр жайған тұлғалар тарихына бай. Әсіресе Қожа Ахмет Ясауидің тарихымен тығыз байланысты нысандар мұнда жетерлік. Атап айтар болсақ, пайғамбарымыздың күйеу баласы, әрі төрт халифаның бірі – Әзірет Әлінің тікелей ұрпағы Ысқақ баб осында жатыр.
«Қолдағы аңыз деректерге қарасақ, Қожа Ахмет Ясауидің өзі Ысқақ бабтың кіндігінен тараған ұрпақтар санатынан. Шежіре-насабнамелерде Ысқақ баб хижра жыл санауы бойынша 150 жылдары осы өңірге келіп, Қаратаудың теріскейіндегі Қаракөз бұлағының басына қоныс тепкен екен. Осында мешіт, медресе тұрғызып бала оқытыпты. Өмірінің соңында осында жерленіп, кейін басына кесене тұрғызылған. Содан бері жергілікті жұрт ұлы шайхының жатқан жерін «Баб ата» атап кеткен» дейді, Созақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрғайша Балаубекова.
Жергілікті өлкетанушылардың айтуына қарағанда, Ысқақ баб кесенесі 1883 жылдар шамасында салынған десе, зерттеуші В.Колоссовский 1901 жылы Ысқақ баб кесенесіне 1025 жыл болғанын жазып қалдырған. Соған қарағанда, кесене 876 жылы салынған сияқты. Кесененің кірпішін күйдірген ошақтар мен тандыр пештердің орны әліге дейін сақталған.
Жергілікті өлкетанушы Бекжан Көпжасарұлы: «Баб ата кесенесі бірі – үлкен, екіншісі – кіші екі бөліктен тұрады. Кішісінің астында Ысқақ бабтың өзі және әйелі, балалары жерленген-мыс. Кіші күмбездің диаметрі 25 – 27 метр болса, үлкені – 36 метр. Ысқақ баб туралы зерттеу жұмыстары белгілі ғалымдар Колосовский, Аристов, Кастанье және жергілікті қаламгерлер М.Жәмеков, Д.Тұрантегінің еңбектерінде көрініс тапқан» десе, кесененің шырақшысы Ахмет Әнуаров қария, Кеңес дәуірінде кесенені жермен-жексен етуден сақтау үшін халық арнайы қойма жасап, астыртын күтіп-қараған, дейді.
Экспедиция мүшелері келесі кезекте, Қожа Ахмет Ясауидің рухани пікірлесі әрі жаназасын оқыған әулие Қарабура кесенесіне және әйгілі қолбасшы береке мен бірліктің символы болған, сонымен қатар Түркістандағы Тайқазанды Қарнақтағы шеберханасында құйған шебер Әбдуләзиздің басына барды. Өлкетанушы Нұрмахан Сейітмаханұлының айтуынша, жергілікті халық бұл жерді «Қазаншы әулие қорымы» деп атайды екен.
«Алдағы уақытта Созақ өңіріндегі Қожа Ахмет Ясауи тарихымен байланысты зерттеулер жалғасатын болады. Шежіре қариялар мен өлкетанушылардан жинақталған мәліметтер негізінде кітаптар жазылып, деректі фильмдер даярланады. Бүгінгі ұрпақ Ясауи десе көк күмбезді кесенені ғана елестетіп қоймай, оның шыққан тегін, тарихи тұлғалармен байланысын білгені абзал. Экспедицияның да көздегені осы», дейді «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов мырза.
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар