Алматыда еркін күрестен Қазақстан чемпионаты аяқталды. «Достық» спорт кешенінде өткен жарыс сенсацияға толы болды. Олай деуге негіз, бұған дейін елішілік жарыстарда үнемі тұғырдан түспей, халықаралық додаларда жүлде алып жүрген балуандардың біразы бұл жолы өздерінің жылы орындарын жалынды жастарға босатты.

Жарыстың алғашқы күні үш салмақ дәрежесі бойынша белдесулер өтті. Жанкүйерлер 61 кило салмақтың бас жүлдесі үшін тартыс екі құрдас – ақтөбелік Нұрислам Санаев пен өскемендік Расул Қалиев арасында өрбиді деп болжады. Екеуінің де жасы 29-да. Алайда әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Азия чемпионы деген дардай атағы бар дүлдүл алғашқы айналымдарда ойда-жоқта есімі көпшілікке беймәлім Шығыс Қазақстан облысының тағы бір өкілі Мұхтар Сейітовтен ұтылды. Ал сары құрлықта қарсылас шақ келтірмей, Азия ойындарында күміс медальді мойнына ілген Расул Қалиев жартылай финалда Адлан Асқаровқа жол берді.
Ақтық сында атыраулық Саламат Мәліковті сан соқтырған Адлан Асқаров ел чемпионы атанды. Енді осы айқын жеңістен кейін Алматы облысынан келген спортшының әр қадамын қырағы мамандардың жіті қадағалайтыны анық. Себебі бұған дейін ол жасөспірімдер мен жастар арасындағы және 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем біріншіліктерінде жүлде алды. Бірқатар халықаралық жарыста олжа салды. Міне, енді жасы 20-дан енді ғана асқан Адлан ересектер дуында қарсылас шақ келтірмеді. Қола медаль Расул Қалиев пен қарағандылық Азат Оганнисянның қоржынында.
57 кило салмақ дәрежесіндегі барлық балуанның деңгейлері бірдей болды. Жарыс қарсаңында дуалы ауыз мамандардың өздері ешкімді бөле-жара атай алмады. Десек те күрестің ережесі бойынша жекпе-жекте бір ғана жеңімпаз болуға тиіс. Бұл жолы ақмолалық Дәулет Теміржанов дара шықты. Финалда ол қарағандылық Жавохир Иристаевты жеңді. Шымкенттік Ғабит Төлепбай мен жамбылдық Рахат Қалжан қола медальді иеленді.
86 кило салмақта шығысқазақстандық Азамат Дәулетбеков пен алматылық Әділет Даулынбаевтың өзара тартысын көпшілік тағатсыздана күтті. Екеуі де талай дүбірлі додада әбден ысылған әккі балуандар. Барлық қарсыласын сыпыра ұтқан Азамат ақтық сынға алқынбай жетті. Ал Әділет жартылай финалда талдықорғандық Есқали Дәулетқазының осал тұсын таба алмады. Финалда Дәулетбеков пен Дәулетқазы күресті. Бұл белдесуде Азаматтың асығы алшысынан түсті. Әділет пен маңғыстаулық Нұрдәулет Көктеубаев үшінші орынға табан тіреді.
Ел чемпионатының екінші күні 65 кило салмақ дәрежесіндегі белдесулер өте шиеленісті өтті. Кілең көкжалдар арасынан қызылордалық Дәулет Ниязбеков пен қарағандылық Әділ Оспанов суырылып шықты. Бұл бәсекеде Сыр бойы саңлағының жеңетініне ешкімнің күмәні болмады. Өйткені Дәулеттің әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы деген атақтары бар. Иә, Әділ ондай жетістігімен мақтана алмайды. Айтқандай-ақ, финалдық сайыс Ниязбековтің айқын басымдығымен аяқталды. Сөйтіп Дәулет Қазақстан чемпионатында сегізінші мәрте топ жарды. Жамбылдық Нұрсұлтан Садық пен шығысқазақстандық Олжас Олжақанов үшінші сатыға жайғасты.
70 кило салмақ дәрежесінде бас жүлде үшін тартыс шымкенттік Нұржан Сейітжан мен атыраулық Сырбаз Талғат арасында өтті. Бұл бәсекеде Атыраудан келген балуанның үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Қарсыласын 10:0 есебімен айқын ұтқан ол ел чемпионы атанды. Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Сұлтан Бейісов пен талдықорғандық Ерлан Тәңірбергенов қола медальді қоржындарына салды. Расында да осы еркін күрес шеберлерінің жеңіс тұғырына көтерілуі көпшілікті таңдандырды. Ал Саятбек Оқасов, Амандық Бакеев, Мейіржан Әшіров, Азамат Шағапұлы сынды танымал спортшылар қалың топтың арасында қалып қойды.
97 кило салмақта Әлішер Ерғалиға тең келер ешкім табылмады. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем біріншіліктерінде жүлдегерлер қатарынан көрінген Жамбыл облысының өкілі былтыр ересектердің Азия чемпионатында күміс медаль алып, өз жанкүйерлерін бір қуантқан еді. Іле-шала Циолковскийдің мемориалында бас жүлдені қанжығасына байлады. Күзде Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылған әлем чемпионатында бесінші орынға табан тіреді. Міне, енді Әлішер Қазақстан чемпионатында қарсылас шақ келтірмеді. Жасы 20-дан енді ғана асқан балуан үшін бұл тамаша нәтиже екені сөзсіз.
74 кило салмақтың негізгі фавориттері үшеу еді. Олар – Нұрлан Бекжанов, Нұрқожа Қайпанов және Данияр Қайсанов. Барлығы да әлем чемпионатының жүлдегері атанған апайтөстер. Нұрлан бұл атаққа 2016 жылы Будапештте қол жеткізді. 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен додада Нұрқожа күміс алса, Данияр қола медальді мойнына ілді. Бірақ ол кезде Қайпанов 70 кило салмақта күрескен еді. Одан бөлек, есімдері аталған өрендердің барлығы да құрлықтық деңгейдегі жарыстарда жасындай жарқылдады. Бірақ алғашқы айналымнан кейін Қайсанов жарысты жалғастырудан бас тартты. Себебі бірнеше күн бойы оның белі ауырып, қатты мазасызданған екен. Содан жарақатын асқындырып алмайын деп, осындай шешім қабылдады. Бұл жағдайды Нұрқожа Қайпанов ұтымды пайдаланды. Қарсыластарының барлығын қапы қалдырған Солтүстік Казақстан облысының өкілі финалда қызылордалық Қанат Мұсабековті ұтып, алтын түғырға көтерілді. Елордалық Нұрлан Бекжанов пен алматылық Дархан Есенғали үшінші сатыларға жайғасты.
79 кило салмақтың фавориті 32 жастағы Ғалымжан Үсербаевты тұғырдан тайдыру үшін жалынды жастар барын салды. Алайда Олимпия ойындары мен әлем чемпионатында бесінші орынға табан тіреп, бірқатар халықаралық додада жүлдегерлер санатына қосылған Сыр бойының саңлағы ешкімге ондай мүмкіндік бермеді. Қарсы келгендерін алып та, шалып та жықты. Финалда талдықорғандық Рүстем Мырзағалиевтан мерейі үстем болған Ғалымжан бесінші мәрте чемпиондық атақты иеленді. Ақтөбелік Айдар Балданбаев пен атыраулық Болат Сакаев қола медальді еншіледі.
92 кило салмақ дәрежесінде маңғыстаулық Елхан Асадовтың асығы алшысынан түсті. Финалда ол Нұр-Сұлтанның балуаны Ералы Абдрашевтен айласын асырды. Үшінші орында – өскемендік Шәмил Магамадов пен елордалық Нұрғали Нұрғайыпұлы.
125 кило салмақта павлодарлық Дәулет Шабанбай, шығысқазақстандық Олег Болтин, қарағандылық Ермұхамбет Іңкәр және ақтөбелік Юсуп Батырмұрзаев сынды алыптар болды. Олардың барлығы да аса ірі халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген дүлдүлдер. Солардың арасынан Дәулет пен Олег озып шықты. 37 жастағы Шабанбайдың кезінде Олимпиадада қола медальді иеленіп, Азия ойындарында бір рет және құрлық біріншілігінде бес рет жүлдегерлер санатынан көрінгенін жанкүйерлер жақсы біледі. Болтин одан он жас кіші. Бұл тартыс жас жолбарыстың пайдасына шешілді. Нәтижесінде, Олег Болтин – алтын, Дәулет Шабанбай – күміс, ал Юсуп Батырмұрзаев пен түркістандық Бақдәулет Өсербай қола медальдерді мойындарына ілді.
Білім • Бүгін, 14:47
Төлеби ауданында оқушылар үйі салынады
Білім • Бүгін, 14:45
Жетісу «жасыл аймаққа» қайта оралды
Аймақтар • Бүгін, 14:38
Байғабылда су мұнарасы құлап қалды
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Президент: Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында – артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді
Президент • Бүгін, 14:17
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандық вакцинаны салдырамын
Президент • Бүгін, 14:05
Президент тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажеттігін айтты
Қоғам • Бүгін, 13:56
Қызылордада биыл 4 ірі жоба іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі байланыс пен интернет сапасын сынға алды
Технология • Бүгін, 13:42
Үкіметке жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан жайылымдар қайтарылуы тиіс
Президент • Бүгін, 13:35
Шатырдағы мұз сүңгілері құлап, 11 жастағы бала көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Президент Үкіметке «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 13:23
Жайық өзенінің экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады - Президент
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Жер кодексіне түзетулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Елорда әкімі тұрғындардың газдың бағасына келіспеушілігі болғанын мойындады
Елорда • Бүгін, 13:05
Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі құрылады
Президент • Бүгін, 13:04
Президент азаматтар қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналасатын үш өңірді атады
Қазақстан • Бүгін, 12:58
Боранда жолға шыққандар жапа шекті
Оқиға • Бүгін, 12:57
Президент бюджетке түсетін салықтың аз екенін айтты
Президент • Бүгін, 12:51
Жерлесіміз АТР чемпиондық жарысында үшінші орынға көтерілді
Теннис • Бүгін, 12:49
Президент Гүлшара Әбдіхалықовадан облыстағы құрылыс қарқынының баяулау себебін сұрады
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Президент шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды
Экономика • Бүгін, 12:47
Қаржы • Бүгін, 12:46
Үндістанда екпе туралы қауесет таратқандар жазаға тартылады
Әлем • Бүгін, 12:43
Биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болады
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қ.Тоқаев Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасына тапсырма берді
Президент • Бүгін, 12:38
IIHF хоккейден әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы бүгін анықтайды
Хоккей • Бүгін, 12:37
Алексей Цой: Үш өңірдің эпидемиялық ахуалы жеткілікті деңгейде қадағаланбай жатыр
Медицина • Бүгін, 12:37
Жамбыл облысында қылмыс деңгейі төмендеді
Аймақтар • Бүгін, 12:32
СҚО-да қолайсыз ауа райынан төрт автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Президент Үкіметке Қызылорда облысына қолдау көрсетуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:24
«Қазақ радиосы»: Нұр-Сұлтанда көптеген көше атауы ауысып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:22
«СҚ-Фармация»-ны бақылаушы құрамға арнайы қоғамдық жұмыс тобы құрылды
Медицина • Бүгін, 12:20
Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінімдер қабылдау басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:19
«Жүйесіз сөз иесін табады» - депутат Ахметов өзін сынағандарға жауап берді
Қазақстан • Бүгін, 12:19
Өткен жылы 700 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алған
Бизнес • Бүгін, 12:15
iKomek109: Есірткіге тәуелді жандарға консультация беріледі
Аймақтар • Бүгін, 12:13
Қорғаныс министрлігінде апталық аппарат кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 12:11
Жер учаскесі онлайн рәсімделеді - Асқар Мамин
Қоғам • Бүгін, 12:04
Елімізде 100 жаңа ІТ-компания құрылады
Қазақстан • Бүгін, 12:02
Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағы үшін таласпайтын болды
Спорт • Бүгін, 12:00
Үкіметтің биылғы басты мақсаты – экономика өсімін 3 пайыз деңгейінде ұстап тұру
Қазақстан • Бүгін, 11:57
Қазақстандықтардың өмір сүру жасы 73,3 жасқа ұзарады
Қоғам • Бүгін, 11:57
Президент вакцинация мәселесіне қатысты тапсырма берді
Президент • Бүгін, 11:56
ЖОО сапасын арттыру үшін 20 академиялық орталық құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:54
2021 жылы әлемдік экономика 5,2%-ға дейін қалпына келуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 11:49
Алматыда автобус қаққан әйел оқиға орнында мерт болды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Антикорда мониторингтік топтың жылдық қорытындысы шығарылды
Қазақстан • Бүгін, 11:46
Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматқа көшіріледі
Білім • Бүгін, 11:44
Алексей Цой дәрі тапшылығына байланысты сұраққа жауап берді
Үкімет • Бүгін, 11:40
Бюджет саласындағы 1 млн-нан астам қызметкердің жалақысы өседі
Үкімет • Бүгін, 11:36
2021 жылы теңге бағамын тұрақтындыру бойынша жұмыстар жалғасады – Ерболат Досаев
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Ұлттық банктің активтері жоғары деңгейде қамтамасыз етілді
Үкімет • Бүгін, 11:32
Халыққа тегін вакцинация жасау қамтамасыз етіледі
Үкімет • Бүгін, 11:28
Үкімет басшысы 2021 жылда дамыту тиіс 7 басты бағытты атады
Президент • Бүгін, 11:18
Қызылордада 10 жасар баланың өліміне қатысты істі арнайы комиссия тексереді
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Қазақстан тұрғын үй құрылысы бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында
Қазақстан • Бүгін, 10:55
Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
Президент • Бүгін, 10:54
Қазақстанда алғаш рет Климат сағаты пайда болды
Қазақстан • Бүгін, 10:47
Спорт • Бүгін, 10:47
Даңқты Уэйн Гретцки 60 жасқа толды
Хоккей • Бүгін, 10:45
Коронавирус уақыты соңғы 100 жылдықтағы ең ауыр дағдарыс - БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:43
Бүгін Валентин Йордановтың туған күні
Күрес • Бүгін, 10:35
Қызылорда облысында «қызметкерімен төбелескен» аудан әкімі туралы нақты ақпарат айтылды
Аймақтар • Бүгін, 10:30
Атырауда І топтағы мүгедек дипломын 13 жылдан соң алды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймақта тұр
Коронавирус • Бүгін, 10:21
Бағдат Мусин қауіпсіздік саласындағы цифрлық жобалармен танысты
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Автокөлікті мобильді қосымша арқылы онлайн тіркеуге болады
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Барлық COVID-19 қарсы вакцинаның құрамы бірдей ме?
Қоғам • Бүгін, 10:15
Ұқсас жаңалықтар