28 Қараша, 2013

«ЭКСПО-2020» халықаралық көрмесі Дубай қаласында өтеді

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 11 - DubaiХалықаралық көрмелер бюросы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша, «ЭКСПО-2020» халықаралық көрмесі Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтетін болды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Дауыс берудің үшінші кезеңіне 41 дауыс жинаған Екатеринбург пен 87 дауыс жинаған Дубай қалалары өткен болатын. Ақтық кезеңде Екатеринбург небәрі 47 дауыс жинаса, Дубай қаласы 116 дауыспен «ЭКСПО-2020» халықаралық көрмесін өткізу мәртебесіне ие болды.

Бразилияның Сан-Паулу қаласы бірінші кезеңнен өте алмады. Ал 36 дауыс жинаған Түркияның Измир шаһары екінші кезеңде жарыстан шығып қалды.

«Біз 2020 жылы 25 млн. қонақты қабылдап, әлем тарихындағы ең үздік көрмені өткіземіз», – деп жазды Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті Рашид Әл-Мактум өзінің твиттердегі парақшасына. Сондай-ақ БАӘ билігі бұл күндері Дубайда және республика бойынша «ЭКСПО-2020» жеңісі мен осы күнмен тұспа-тұс келген елдің тәуелсіздік күніне байланысты мерекелік бағдарламалар өткізілетінін жариялады.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар