![Елімізде 11 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр](/media/2020/10/15/ebd9618e-fb4d-400a-a781-713fa5accaa4.jpeg)
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 218 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 650 бала бар. Стационарларда 3 289 науқас жатыр. 7 929 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 211 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.