Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Қордай ауданына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс сапары барысында вице-премьер Гвардейский ауылындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы отандық иммундық препараттар шығаратын зауыттың құрылысы барысымен танысты.
Зауыт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес салынуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстары биыл аяқталады, қазіргі уақытта барлық инженерлік коммуникациялар жүргізілген.
Жұмысқа 145 адам және 30 бірлік техника жұмылылған. Зауыт өз жұмысын келесі жылдың бірінші тоқсанында бастайды. Мұнда әлемдік стандарттарға сәйкес иммунобиологиялық препараттар, оның ішінде коронавирус инфекциясына, тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке басқа да инфекциялық ауруларға қарсы вакциналар шығарылатын болады. Жыл сайын биопрепараттардың 30-60 млн дозасын өндіру жоспарланып отыр.
Премьер-Министрдің орынбасары институт қызметкерлерімен кездесіп, оларды әңгімеге тартты.
"Биофармацевтикалық зауыттың құрылысы және коронавирусқа қарсы отандық вакцина жасау ел Президентінің ерекше бақылауында. Біз бүгін барлық көкейкесті мәселелерді осы жерде талқылап, шешу үшін арнайы келіп отырмыз. Тұрғын үймен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жалақыны көтеру мәселелері қазірдің өзінде шешімін табуда. Сонымен бірге сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бүкіл ел сіздерге үміт артады", - деді Е. Тоғжанов.
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ірі зауыттың салынуы аймақ экономикасының дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті. Бұдан соң Ералы Тоғжанов институт қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлік үйдің құрылыс барысымен танысты.
Нысанның құрылысы тамыз айында басталған, ол келесі жылдың басында пайдалануға беріледі. Тағы екі тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда. Институт жұмысымен танысқан соң Ералы Тоғжанов Қордай ауданының дамуы, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институтының өзекті мәселелерін шешу жөнінде кеңес өткізді.
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Бүгін, 21:41
Қазақстанның әйелдер командасы жүзуден Исламиада медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 21:40
Кино • Бүгін, 21:36
Теннис • Бүгін, 21:36
Мұқтаж отбасындағы баланы мектепке дайындауға 43 мың теңгеден берілді
Қоғам • Бүгін, 21:08
Елімізде алғаш рет мүгедек арбасындағы теннистен ел чемпионаты өтеді
Теннис • Бүгін, 20:45
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 20:10
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Бүгін, 19:35
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Бүгін, 19:10
Мексикада жыл басынан бері 14 журналист қаза тапқан
Әлем • Бүгін, 18:53
Исламиада ойындары: Бүгін қазақстандықтар спорттың бірнеше түрінен бақ сынайды
Спорт • Бүгін, 18:20
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:52
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Бүгін, 17:43
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 17:40
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Бүгін, 17:35
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 17:22
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Бүгін, 17:10
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Бүгін, 17:01
Солтүстік өңірлерде күн суытады
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров сарбаздармен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Колумбияның оңтүстік-батысында 300 адам үйлерін тастап кетті
Әлем • Бүгін, 16:30
Елордада 5 мыңға жуық үй газға қосылды
Елорда • Бүгін, 16:22
Әйелін ұрып өлтірген ер адам 17 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:15
Елордада табысы аз отбасыларға әлеуметтік карта беріледі
Елорда • Бүгін, 16:02
Қаржы • Бүгін, 15:56
Нұр-Сұлтанда балаларға арналған жәрмеңке ашылды
Елорда • Бүгін, 15:43
БҚО мектептерінде 210 мұғалім жетіспейді
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Оқиға • Бүгін, 15:25
Алматының Түрксіб ауданында 13 ескі үй сүріледі
Аймақтар • Бүгін, 15:17
Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балық қырылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Мерей Базарбаев Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Күрес • Бүгін, 14:52
Қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:39
Түркістанда танысын жұмысқа орналастырмақ болған алаяқ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:30
Алматыда 1560 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 14:22
«Анталия-Ташкент» рейсінің жолаушылары ұшақ бортында төбелесті
Оқиға • Бүгін, 14:12
Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 14:01
Президент Армения премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:55
Қазақстандық зілтеміршілер Ислам ойындарында 10 медаль иеленді
Ауыр атлетика • Бүгін, 13:38
Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 13:14
Ұқсас жаңалықтар