Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында бронды танктер күрделі жөндеуден өткізілді. Танктер мен әскери құрлық көліктерінің барлық функционалдық параметрлері қалпына келтіріліп, қосалқы бөлшеткері, түйіндері мен агрегаттары ауыстырылды.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қару-жарақ пен әскери техниканы жаңа түрлерімен толықтырылып жатқанына қарамастан, танктер бұрынғыдай Қарулы Күштердің басты соққы беруші күші болып қала береді. Бұған заманауи қарулы қақтығыстарда да дәлел болады. Икемді, сенімді, атыс мүмкіндіктеріне ие және мықты бронды танктер ұрыс даласындағы өздерінің өміршеңдігі мен қуатын дәлелдеді.
«Семей Инжиниринг» АҚ кәсіпорны барлық бронды танк техникаларын күрделі жөндеуді және жаңартуды жүзеге асырып жатқанын айта кеткен жөн.