Экономика • 24 Қараша, 2020

Қазақстанда цифрлық валюта енгізілуі мүмкін

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда цифрлық валюта енгізілуі мүмкін, - деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда цифрлық валюта енгізілуі мүмкін

Ұлттық Банк мамандары Халықаралық есеп айырысу банкімен және Халықаралық валюта қорымен бірлесе отырып, цифрлық валютаны реттеу тәсілдерін зерделей бастады.

"Қазақстан Ұлттық Банкі Қытай Халық Республикасында, Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елінде, Канадада, Сингапурда және Еуропалық Одақта цифрлық валютаны енгізу жөніндегі пилоттық жобаларда бақылаушы болып табылады.

Қазір әртүрлі технологиялық инфрақұрылым мен реттеу тәсілдері ескерілетін Қазақстан Республикасында цифрлық валютаны енгізудің әр түрлі сценарийіне арналған баяндама әзірленіп жатыр. Баяндама 2021 жылдың екінші жартысында жарияланады.

Бұдан кейін құжат мүдделі мемлекеттік органдармен, халықаралық қаржы ұйымдарымен, нарық қатысушыларымен және сарапшылармен талқыға түсіп, содан кейін Қазақстан Республикасында орталық банктің цифрлық валютасын кезең-кезеңімен енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылады", - делінген хабарламада.