Әлемде қараша айындағы басты оқиғаның бірі – АҚШ-тағы президенттік сайлау екені анық. Мұхиттың арғы бетіндегі дауыс беру кезінде Джо Байден жеңіске жетті. Енді ол алдағы қаңтардан бастап Ақ үйдің қожасына айналады. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялаған мақалалар топтамасында осы мәселе кеңінен талқыланады.
НАТО-ның Бас хатшысы лауазымын атқарған Хавьер Солана өз мақаласында Байденнің сыртқы саясаттағы ұстанымы туралы әңгіме қозғайды. Оның пайымдауынша, Байденнің сайлауда жеңіске жетуі АҚШ үшін ғана емес, бүкіл әлем халқы үшін де жақсы жаңалық. Өйткені жаңа президент бұған дейін Трамп әкімшілігі кезінде жіберілген қателіктерді түзетіп, жаһандық мәселеге мол үлес қосады деп есептейді.
Швецияның бұрынғы премьер-министрі Карл Билдт өз мақаласында Босниядағы мәселе төңірегінде ой қозғайды. Аталған елдегі қарулы қақтығысты аяқтау жөніндегі Дейтон келісіміне қол қойылған кезде мақала авторы келіссөздерге белсене араласқан болатын. Осылайша, К.Билдт өзінің бастан өткізген оқиғаларымен бөлісе отыра, бейбітшілікті сақтаудың маңызына тоқталады.
Айта кетерлігі, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялау ісіне Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсетіп отыр.

МАДРИД – Халықаралық қатынасқа көшбасшылық пен тұлғалық қасиеттер қаншалықты әсер етеді деген пікірталас әлі бар. Бірақ кейінгі төрт жылда болған саяси оқиғалардан кейін тақта кімнің отырғаны маңызды екеніне ешкімде күдік қалмаған шығар. Әсіресе, АҚШ-та. Оған қоса, Гарвард университетінің профессоры Йозеф С.Ние дәлелдегендей, халықаралық қатынастар моральды түсініктен ада емес. Осыларды ескере келе, Джо Байденнің АҚШ-тағы келесі президент болып сайлануы әлем үшін жақсы жаңалық.
Бұл оқиға Америка халқына тікелей әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Саяси позициясы айқын және диалог орнатуға дайын Байден ұзаққа созылған саяси карьерасын демократтар мен республикашылар арасында мәмілеге қол жеткізуге арнады. Прогресшілер оның икемділік ұстанымын әрдайым қолдай бермейтін, оған қоса оның карьерасында қателіктер де кезікті. Бірақ Байденнің икемділігі қателіктерінен сабақ алып, уақытқа бейімделуге мүмкіндік берді.
Мұның мысалы мынадан-ақ байқалады. Ол Демократия партиясының праймеризі кезінде қызу пікір таластырғанына қарамастан, Камала Харристі вице-президент ретінде таңдады. Харристің өскелең ұрпақпен тиімді байланыс орната білуі Байден әкімшілігі үшін үлкен жетістік болмақ.
Прогресшілер Байденнің центристік беделі Америка халқы қажет ететін негізгі құрылымдық реформаларды қолайлы тәсілмен жүргізуге мүмкіндік беретінін де ескеруі тиіс. 1960 жылдары тағы бір центристік пікірдегі Демократиялық партия өкілі, президент Линдон В.Джонсон АҚШ тарихындағы ең ұзақ мерзімді әлеуметтік реформаны жүзеге асырды.
Байденнің мәселесі мынада. Джонсонға қарағанда ол Конгресте үлкен қарсылыққа ұшырауы мүмкін. Демократтар 5 қаңтарда өтетін сайлаудың екінші турында Джорджия штатында жеңіске жетуі қиын. Бұл Сенатты бақылауда ұстауда қиындық туғызады. Осы айда өткен дауыс беру нәтижесінде Өкілдер палатасы аз ғана басымдықпен жеңіске жетті.
Аталған мәселелерден бөлек, кейінгі жылдары демократтар мен республикашылар арасындағы идеологиялық айырмашылық артып, екі партиялы ынтымақтастық пен келісімге сызат түсірді. The Economist және YouGov жүргізген сауалнамаға сүйенсек, сайлау қорытындысын қабылдау негізінен қай партияға кіретініне байланысты екен. Қатысушылардың 57 пайызы Байден заңды жолмен жеңіске жетті деп есептесе, солардың 16 пайызы республикашыларды жақтайтындар.
Байден әкімшілігі халықаралық саясатта үлкен кедергіге тап болмайды, өйткені сыртқы саясатта АҚШ-тың ауқымы кең. Оған қоса, Байден карьерасының басым бөлігінде бұл саланың басы-қасында болды. Бастапқыда Сенатта, кейіннен 8 жыл бойы президент Барак Обама кезінде вице-президент қызметін атқарды.
Обама кабинетінің басқа мүшелері шетелдерде әскери күш қолданып, сыртқы істерге араласуды қызу қолдаса, Байден ұстамды болуға шақырды. Сол себепті Обама оны жоғары бағалады. Сондықтан шығар, Обама әрдайым Байденді елдегі екінші тұлға, ал оны тағайындауын «өте тапқыр шешім» деп бағалады. Сонымен қатар Байден өз пікірін дәлелдей білгенде, АҚШ 2011 жылы Ливиядағы оқиғаға араласпас еді. Әрі Обама да өз президенттігі кезіндегі ең үлкен қателігін жасамай, сол елдің үлкен дағдарысқа түсуіне жол бермес еді.
Байденнің сыртқы саясаттағы шешімдері қателіксіз емес. 2002 жылы ол Ирактағы соғысты қолдап дауыс берді. Ал Обама шешімді қатаң сынға алып, соғысты «ақымақ әрекет» және «асығыстық» деп айыптады. Бірақ Байден өз қателігін түсініп, өз әкімшілігі алдағы уақытта біржақты сыртқы саясат жүргізбейтінін ашық жеткізді.
Президенттікке сайланған азамат дипломатияны АҚШ-тың сыртқы саясаттағы орталығы – Мемлекеттік департаментке қайта береді. Сондай-ақ көпжақты түсінікті қолдайды. Оның сыртқы саясаттағы алғашқы басты шешімі Париж келісіміне қайта қосылу мен АҚШ-тың Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығуын тоқтату болмақ. Оған қоса, Байден 2015 жылғы Иранмен жасалған ядролық келісімді қайта қарауға әзір. Бұдан бөлек, Дүниежүзілік сауда ұйымына қатысты конструктивті пікір ұстанады.
Демократтар Трамп әкімшілігінің көптеген халықаралық міндеттерінен бас тартуын айыптап, оны қалпына келтіреді. Бірақ Байден кезінде саясат тілі басқа жаққа бұрылып кетпеуі керек. Сауалнамаларға сүйенсек, америкалықтар АҚШ-тың дүниежүзілік бақылаушы ретіндегі әрекетін қолдамайды, дегенмен олар үкіметінің ғаламдық мәселелерді шешуге шынайы қатысқанын қалайды. Әлемнің басқа елдеріне де осы керек. АҚШ кейбіреулер айтқандай «ерекше ұлт» шығар, бірақ ол жалғыз емес.
Байден әкімшілігі кезінде АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс сақталады және Қытайдың жедел экономикалық өсуі де жалғасады. Трамптың президенттігі кезіндегі Қытай – АҚШ сауда соғысына қарамастан, Қытайда пандемияға дейін жылдық өсім 6 пайызды құрады. Халықаралық валюта қоры Қытай індетке қарамастан өсім сақталатын жалғыз ірі экономика деп есептейді. Байден бұл елмен ынтымақтастық жасаудың тиімді жолын табуы керек.
Бұл міндетті орындау үшін ол Еуропалық одаққа жүгінуі қажет. Ұйым Қытайға қатысты екіжақты көзқарас ұстанып, кей мәселеде келіспесе де, ортақ мүддесі бар екенін мойындады. ЕО мұндай тәсілді (жеңілдеу нұсқасын) трансатланттық қатынаста да қолданып, стратегиялық автономияға салқын түсірместен Байден әкімшілігімен тығыз байланыс орната алады.
Байден президенттік науқаны кезінде «қалпына келтіруді жақсартамын» деп уәде бергенде, оның экономикалық жоспары АҚШ-ты 2016 жылға қайтару емес, ұзақ уақыт бойы түйіні тарқамаған құрылымдық проблемаларды шешумен байланысты екенін баса айтқысы келді. Дәл осындай қисынды АҚШ-тың сыртқы саясатында қолданып, халықаралық рөлін қайта құруы керек.
Мұндай әрекетті сәтті жүргізу Байден секілді жанашыр басшыны қажет етеді. Ол әрдайым күрделі мәселелерді шешудегі тапқырлығымен мақтана алады. Оны ұзақ уақыт бойы бағаламай келген еді. Енді олар Байденнің таңғалдыра алатынын мойындауға тиіс.
Хавьер СОЛАНА,
Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары деңгейлі өкілі, НАТО-ның Бас хатшысы, Испания сыртқы істер министрі қызметтерін атқарған. Қазір EsadeGeo институтының президенті
Copyright: Project Syndicate, 2020.
www.project-syndicate.org
Биыл елордада 400-ден астам отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерге көшті
Қоғам • Бүгін, 16:51
Асхат Аймағамбетов білім саласының өкілдерімен кездесті
Білім • Бүгін, 14:38
Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын онлайн-форматта қабылдады
Елорда • Бүгін, 14:21
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • Бүгін, 13:52
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Бүгін, 13:38
«Shymkent Chemical Company» кәсіпорнының құрылысы аяқталуға таяды
Аймақтар • Бүгін, 13:22
Өңірлердегі мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізіледі
Қоғам • Бүгін, 12:25
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Бүгін, 12:07
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 11:44
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 11:31
Отбасы банкінде тұрғын үйді сатуға бес жылға шектеу қойылғандығы түсіндірілді
Қоғам • Бүгін, 10:52
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:24
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:44
Кардиология институтында бауырды тексеретін бірегей УДЗ аппараты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 09:02
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • Кеше
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • Кеше
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • Кеше
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • Кеше
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды
Аймақтар • Кеше
Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар