Қоғам • 25 Қараша, 2020

Газды пайдалану талаптары

585 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына қарағанда, жыл сайын газ баллон қондырғылары жарылысының 30-ға жуық оқиғасы тіркеледі, бұл ретте шамамен 10 адам қаза табады және 50-ге жуық адам жарақат алады. Мысалы, 2018 жылы – 39 жарылыс болып, 4 адам қаза тапты, 68 адам зардап шекті, 2019 жылы – 27 жарылыста 10 адам қаза тапты, 41 адам зақымданды, 2020 жылғы 10 айда – 21 жарылыстың кесірінен 9 адам қаза тауып, 38 адам зардап шекті.

Газды пайдалану талаптары

Қаза болудың негізгі себеп­тері тұрмыстық газ құрылғы­ларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұ­зылуы, түтін және желдету ар­наларының тартпауы, газ жаб­дығының түтін арнасымен жал­ғастырушы құбырлары герме­ти­калығының нашарлауы, жапқышты жабу, ақауы бар пеш­тер мен газ қазандығын пайдалану, үй-жайларды жылыту үшін газ плиталарын пайдалану болып табылады.

Төтенше жағдайлар минис­трлігі тұрмыста газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптарды еске салады.

Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жө­ніндегі талаптарға сәйкес газ тол­тырылған баллондарды сақтауға арналған қоймалар жеңіл үлгідегі жабындары бар бір қабатты үй-жайларда сақталуы тиіс.

Газ баллондарды сақтауға арналған қоймалардың қабыр­ғалары, ара­лықтары, жабындары отқа төзімділіктің ІІ дәре­жесінен тө­мен емес жанбайтын материалдардан жасалып, те­резелері мен есіктері сыртқа қа­рай ашылатын болуы керек.

Тұрмыстық газ аспаптарын пайдалану кезінде жиһазды және басқа жанғыш материалдарды орналастыру жақын жердегі вертикаль қабатқа дейін көлденеңінен кемінде 0,2 м және осы бұйымдарға жақын жерде ілінген көлденең қабаттың үстіне дейін тігінен кемінде 0,7 м қашықтықта болуы қажет.

Тұрмыстық газ аспапта­рын (оның ішінде асхана пли­таларын, су жылытатын қа­зандарды, газ мұнараларын) газ­бен жабдықтауға арналған газ баллондары (жұмыс және қосалқы) ғимараттардан тыс жапсарлас салынған үйлерде немесе ғимаратқа, цокольдік және жертөле қабаттарына кі­ре­тін жерлерден кемінде 5 м қа­­шықтықтағы қабырғаның тұйық аралық қабырғасында жанбайтын материалдардан жасалған шкафтарда орналастырылуы тиіс.

Газ баллондарына арналған жапсарлас салынған құрылыстар мен шкафтар құлыпталып және желдету үшін жалюзимен, сон­дай-ақ «Отқа қауіпті. Газы бар баллондар» деген ескерту жазуымен қамтамасыз етілгені жөн.

Орнатылған табандықтары бар толтырылған баллондар тік қалпында, та­бан­­дықтары жоқ баллон­дар көл­денеңінен ағаш жиекте­ме­лерде немесе сө­релерде көл­де­нең қалпында сақ­тала­ды. Бал­лондарды құлау­дан сақ­тан­дыру үшін олар жаб­дықталған ұя­ларға, торшаларға қойылады немесе бөгетпен қор­шалады.

Ашық алаңдарда сақтағанда табандықтары бар баллондарды көлденең қатарлар арасына арқаннан, қырлы бөренелерден немесе резеңкеден жасалған тө­сем­мен қатар-қатар қою керек.

Баллондарды қатар-қатар қой­ған кезде соңғыларының биік­тігі 1,5 метрден астам болма­уы тиіс.

Төтенше жағдайлар минис­трлігі азаматтарды газ баллон­дарды пайдалану және өрт қа­уіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады.