Жерлесіміз турнирді сәтті бастады. Бірінші кезеңде ол испаниялық Карлос Гомес-Херрерамен бақ сынасты. Үш сетке созылған бәсекеде Дмитрий Попко 6:3, 3:6, 6:1 есебімен қарсыласынан басым түсті.
Айта кетерлігі, қазақстандық теннисші жұптық бәсекеде де бақ сынайды. Ол жұптық кезеңде ресейлік Теймураз Габашвилимен бірге ойнайды. Алғашқы айналымда олар бразилиялық Густаво Тейсон Перейра/Габриэль Паскотто Тумасонис жұбымен кездеседі.