Аймақтар • 25 Қараша, 2020

Қызылордалық полицейлер есірткіге қарсы онлайн сайыс ұйымдастырды

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Полиция департаментінің  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы орта  мектеп оқушылары мен жоғары  оқу орындары студенттері арасында онлайн сайыс  ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылордалық полицейлер есірткіге қарсы онлайн сайыс ұйымдастырды

Жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген сайыс шарты бойынша қатысушылар БАҚ-тарда мақала жариялап, оны инстаграм желісіндегі парақшаларына салды. Жетпіс төрт үміткердің мақаласын бағалауға жергілікті тілшілер атсалысты.

Комиссия шешіміне  байланысты  ынталық  танытқаны  үшін  25 қатысушы  алғыс хаттармен марапатталады. Сонымен қатар, 22 сайыскер аймақтық жеңімпаз болып танылды. Қызылорда қаласындағы №323 мектеп – лицей мен №233 орта мектеп оқушылары сайыс жүлдегерлері арасында алғашқы лектен көрінді.