Жыл соңында АТР-дің қорытынды турнирі дәстүрлі түрде өтіп тұратынын жанкүйерлер жақсы біледі. Оған тек сол маусымда табысты өнер көрсетіп, рейтинг бойынша ең үздік сегіздікке енген теннисші ғана қатыса алады. Биылғы кіл мықты бас қосқан додада 24 жастағы ресейлік ойыншы Даниил Медведев озды.
Иә, Ресей өкілінің биылғы маусымда сәтті өнер көрсетіп, әлемнің төртінші ракеткасы дәрежесіне дейін көтерілгені рас. Бірақ «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлерде Даниил Медведев бірде-бір рет топ жарған емес. 2019 жылы АҚШ-тың ашық біріншілігінің финалына дейін жетті. Медведевтің спорттық мансабындағы ең үздік көрсеткіші осы. Десек те Ұлыбританияның астанасындағы АТР-дің қорытынды турнирін ресейлік теннисші өте қарқынды өткізді. Ол топтық сайыстардың үшеуінде де күмәнсіз жеңіске жетті. Тарқатып айтсақ, сербиялық Новак Джокович (6:3, 6:3), германиялық Александр Зверев (6:3, 6:4) және аргентиналық Диего Шварцман (6:3, 6:3) сынды саңлақтарды сан соқтырды. Жартылай финалда атағы алысқа жайылған Испанияның мақтанышы Рафаэль Надальдан басым түсті – 6:7, 7:6, 6:3. Ақтық айқаста аустриялық Доминик Тимді тізе бүктірді – 4:6, 7:6, 6:4.
Өздеріңіз байқағандай, жартылай финалдық және финалдық бәсекені Медведев сәтсіз бастады. Екі ретте де ол бірінші сетте жеңіліс тапты. Бірақ соған бола оның жігері жасыған жоқ. Керісінше, кортқа қайраттанып, қуаттанып шықты. Екінші сеттерде ойын тай-брейкке дейін ұласты. Шиеленіске толы бұл бәсекелерді Даниил өз пайдасына шешті. Даңқты Надаль да, тегеурінді Тим де шешуші тұста Ресей теннисшісінің екіпініне шыдас бере алмады. Үшінші сетте қарсыластарына қарағанда әлдеқайда ширақ қимылдаған Медведев өзінің спорттық мансабындағы ең зор табысына қол жеткізді. Әсіресе оның соңғы 10-15 жылда шашаларына шаң жұқтырмай келе жатқан әлемнің 1-ші және 2-ракеткаларын ұтқанын атап айтқан артық
емес.
Лондондағы жарыстың жүлде қоры биыл 5 млн 700 мың АҚШ долларын құрады. Соның 1 млн 564 мыңы бас жүлдені олжалаған Даниил Медведевке бұйырды. Тарқатып айтсақ, ол турнирге қатысқаны үшін 153 мың, топтық сайыстардағы әр жеңісі үшін 153 мыңнан, жартылай финалдағы жеңісі үшін 402 мың және финалдық сайыстағы жеңісі үшін 550 мың долларға иелік етті. Қалған ойыншылар да құралақан қалған жоқ. Олар да Тұманды Альбион елінен біраз олжамен оралды.
АТР-дің қорытынды турнирінің тарихына қысқаша тоқталсақ, бұл дода 1970 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Әр жылдары Токио, Париж, Барселона, Бостон, Мельбурн, Стокгольм, Хьюстон, Нью-Йорк, Майндегі Франкфурт, Ганновер, Лиссабон, Сидней және Шанхай сынды ірі шаһарларда айтулы жарыстың жалауы желбіреді. 2009 жылдан бері байрақты бәсеке Лондонда өтіп келеді. Ал 2021 жылдан бастап Италияның Турин қаласында ұйымдастырылатын болады.
Жыл соңында өтетін осы жарыста ең көп олжаға кенелген Роджер Федерер екені баршаға мәлім. 2003-2011 жылдар аралығында Швейцарияның саңлағы жеті мәрте топ жарды. ХХ ғасырдың сексенінші жылдары чехословакиялық Иван Лендл және тоқсаныншы жылдары америкалық Пит Сампрастың жасындай жарқылдағаны жанкүйерлердің жадында. Бүгінгі таңда Новак Джокович теңдессіз өнер көрсетуде. Атақтары алысқа жайылған айтулы азаматтар бес реттен теңдессіз деп танылды. Былтырғы жарыс грекиялық Стефанос Циципастың жеңісімен аяқталса, биыл Даниил Медведевтің мерейі үстем болды. Бұл – Ресей теннисшілерінің АТР-дің қорытынды турнирінде екінші мәрте топ жаруы. Алғаш рет осыдан 11 жыл бұрын, яғни 2009 жылы дәл осы атаққа Николай Давыденко қол жеткізген болатын.
Биыл шалғай өңірлерде 13,9 шақырым жол жөнделеді
Аймақтар • Бүгін, 23:30
Футзалдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды
Футбол • Бүгін, 23:25
Қазақстан мен Қытай елшілері келіссөз жүргізді
Саясат • Бүгін, 23:10
Сергей Лавровқа І дәрежелі «Барыс» ордені табыс етілді
Қазақстан • Бүгін, 22:45
«Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі туралы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 22:32
Украинада қарттар үйі өртеніп, 15 адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 21:46
Алматыда карантинді бұзғандарға 3,5 млн теңге айыппұл салынды
Президент • Бүгін, 21:42
«Ордабасының» бас бапкері тағайындалды
Футбол • Бүгін, 21:30
Түркістанда 72 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталған
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 20:55
Спорт • Бүгін, 20:28
Атырауда шағын несие беретін кеңсені тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 20:00
Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қандай жағдай жасалған?
Қоғам • Бүгін, 19:20
Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:16
Өркен Бисақаев Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
Үкімет • Бүгін, 19:00
Моңғолияның үкімет басшысы отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 18:40
БҰҰ Даму бағдарламасы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін оң бағалады
Қазақстан • Бүгін, 18:20
FlyArystan наурызда бес жаңа әуерейсін іске қосады
Қоғам • Бүгін, 18:18
Атырауда автобус жүргізушілері бір күнде ережені 170 рет бұзды
Қоғам • Бүгін, 18:03
Гуманитарлық білім беру саласында концептуалды ойлау жүйесін жетілдірді
Әдебиет • Бүгін, 17:55
Ертең бірнеше өңірде тұман түсіп, қар жауады
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Үш киікті сойып алған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Томас Бах Токио олимпиадасының мерзімінде өтетінін мәлімдеді
Спорт • Бүгін, 17:41
Алаш аманатын арқалаған «Ақ жол»
Тарих • Бүгін, 17:35
Түркияда Эрзурум қаласындағы мектепке Әл-Фараби есімі берілді
Руханият • Бүгін, 17:35
Президент: Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау
Президент • Бүгін, 17:31
Туған күн атап өткен үш жігіт аялдамалардағы әйнекті сындырған
Аймақтар • Бүгін, 17:30
Отандық телевизияның контенті мен сапасын күшейту керек - А.Балаева
Қазақстан • Бүгін, 17:26
«Ордабасы» клубына бас бапкер тағайындалды
Футбол • Бүгін, 17:13
Түркістан облысында прокуратура органдарына жаңа басшылар келді
Тағайындау • Бүгін, 17:12
Сайт арқылы танысқан ер адам теміртаулық келіншекті тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:00
1 ақпаннан бастап Қазақстанда қандай банкноттар қабылданбайды?
Қазақстан • Бүгін, 16:52
Қазақстанда ет қоры жеткілікті – АШМ
Қазақстан • Бүгін, 16:48
Қазақстанның Инженерлік әскерлерінің құрылғанына – 29 жыл
Қазақстан • Бүгін, 16:45
«Nur Otan»-ның аймақтық филиалдары басшылығында кадрлық өзгерістер болды
Қоғам • Бүгін, 16:40
Қайырымдылыққа арналған қораптағы ақша қолды болды
Аймақтар • Бүгін, 16:33
Ақтауда орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдер жетіспейді
Білім • Бүгін, 16:28
Алматыда студенттерге арналған екі жатақхана салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:21
Әйел басқарған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Ақан Сатаев парақорлар туралы бейнеролик түсірді
Кино • Бүгін, 16:12
Алматыда студенттерге арналған 1,7 мың орындық ғимарат салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:10
Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 16:00
Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:58
Асқар Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
Аймақтар • Бүгін, 15:56
Мадридтегі жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ
Әлем • Бүгін, 15:47
Алаяқтық жолмен 80 миллион теңге алған күдікті әйел ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей елшісін "Достық" орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:37
ШҚО-да өткен жылы жемқорлық саны артқан
Қоғам • Бүгін, 15:35
Алматыда ағаш қоймасынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 15:35
Қысқы туризм табыс көзіне айналып келеді
Туризм • Бүгін, 15:33
ҰБТ-2021: Алғашқы күннің қорытындысы қалай болды?
Қазақстан • Бүгін, 15:09
«Қазмұнайгаз» 2020 жылы қаржылық тұрақтылықты арттырды
Қазақстан • Бүгін, 15:07
Қарағандыда аквамәдениетті дамыту орталығы құрылады
Экология • Бүгін, 15:05
А.Балаева: Салалық журналистиканы дамытудағы маңызды кезең басталады
Қазақстан • Бүгін, 15:00
Алматы облысында эпидемиялық жағдай оңалмай тұр
Аймақтар • Бүгін, 14:45
Талдықорғанда қоғамдық көлік өртенді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Оралда діни бірлестіктің заңсыз қызметі әшкереленді
Аймақтар • Бүгін, 14:22
Алматылық профессор: Коронавирус жұқтыру қаупін төмендету үшін иммундық профилактика қажет
Медицина • Бүгін, 14:12
Балалары ұрып соққан ана алимент өндіріп алатын болды
Қоғам • Бүгін, 13:54
Қазақстандықтар eGov.kz-ке кіре алмай жатыр
Технология • Бүгін, 13:45
Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді
Әлем • Бүгін, 13:27
Испанияның Мадрид қаласында жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 13:11
Ұлттық кино орталығына жаңа лауазым иелері тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:32
Азық-түлік өнімдерін сертификаттау саласын аккредиттеудің жаңа бағыттары қандай?
Аймақтар • Бүгін, 12:18
Сирек кездесетін жағдай: Маңғыстауда екі айлық бала инсульт алды
Аймақтар • Бүгін, 12:18
Иордания Корольдігі «AntikorNews» медиа-жобасына қызығушылық танытып отыр
Қазақстан • Бүгін, 12:08
«Nur Otan»: Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 12:06
Атырауда медициналық бетперде 15 теңгеден сатылатын болды
Медицина • Бүгін, 12:05
Иордания Корольдігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы қазақстандық жобаға қызығып отыр
Қазақстан • Бүгін, 12:05
«АntikorLive» - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған онлайн-алаң
Қазақстан • Бүгін, 11:56
Ұқсас жаңалықтар