26 Қараша, 2020

Шығыс Қазақстанда карантин талаптарын бұзғандарға 700 мың теңге айыппұл салынды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары кезекті рейд жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда карантин талаптарын бұзғандарға 700 мың теңге айыппұл салынды

25 қараша күні жүргізілген рейд барысында Өскеменде шектеу шараларын бұзудың 3 фактісі анықталған. Риддер қаласында 4 рейд өтіп, 70 нысан қамтылды. Нәтижесіндеғ 3 факті тіркеліп, 125 010 теңге көлемінде 3 айыппұл салынды.

"Глубокое ауданында 108 нысанда 18 рейд жүргізіліп, маска режімін бұзған 2 тұрғын тіркелді. Аягөз ауданында карантин талабына бағынбаған 3 адам 401 810 теңге айыппұл арқалады. Зайсан ауданында 7 нысан тексеріліп, 1 хаттама толтырылды, салынған айыппұл мөлшері – 41 670 теңге", дейді ШҚО Ақпарат орталығының өкілі.

Сонымен қатар Шемонаиха ауданында 32 нысанда рейд жүргізіліп, 2 заңбұзушылық анықталды. Ал Бесқарағай ауданында 3 адамға 125 010 теңге айыппұл салынған. Санитарлық нормаларды бұзудың ең жиі тіркелетін фактісі – маска режімін сақтамау.