Қазақстан • 26 Қараша, 2020

Қазақстандықтар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тапсыруға міндетті деген ақпарат жалған

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі «қазақстандықтар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тапсыруға міндетті» деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz

«2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндетті» деп «Еуразия бірінші арнасы» таратқан ақпарат ескі ақпарат екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Көші-қон қызметі комитеті өкілінің сұхбатын тілші 22 қазанда жазып алған. Кейін осы рәсімді қолданысқа енгізу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылданды» делінген ведомствоның түсініктемесінде.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі осы ақпаратты таратпауды, мекеменің бүгін берілетін ресми түсініктемесін күтуді сұрайды.