Аймақтар • 26 Қараша, 2020

Батыс Қазақстанда жанармай таситын жүк көлігі аударылды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 қараша күні түнгі сағат 22.21.-де Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданына қарасты Пойма ауылында "КамАЗ" автокөлігі аударылып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол-көлік оқиғасы теміржол өткелінде болған. «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» автожолының 12 шақырымында мұнай өнімдерін таситын «КамАЗ» жүргізушісі рульді басқара алмай, жол жиегіне түсіп кеткен. Көліктің цистернасында 21 тонна АИ-92 маркалы бензин болған екен. Айта кетейік, Кеше Батыс Қазақстан облысында қар жауып, қатты жел соңы боранға ұласқан болатын.

«Төтенше жағдайлар департаментіне қоңырау түскен бойда өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамдағы 5 адам оқиға орнына аттанды. Бірден зиянды қоспаның табиғатқа зардабы болмауын тексердік. 30 минут ішінде цистерна люгінің тесігінен минутына 10-15 тамшы шыққан екен. Бензин ағуы дер кезінде тоқтатылды» деп хабарласы Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл оқиғадан ешкім жарақат алып, зардап шекпеген. Аударылған көліктің цистернасындағы бензинді құйып алу үшін оқиға орнына мұнай базасынан арнайы көліктер де жетті. Экология департаментінің мамандары топырақ сынамасын алып, зардап көлемін анықтауда.