Қазақстан • 26 Қараша, 2020

Birgemiz Білім жобасы аясында 3 мың бала ҰБТ-ға дайындалды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Birgemiz Білім жалпыұлттық жобасы жыл басында қолға алынып, пандемияға байланысты наурыз айында енгізілген шектеулерге байланысты толығымен онлайн форматқа ауыстырылды. Бұған қарамастан жоба сәтті жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов мәлім етті.

Жобаның мақсаты – еліміздің әр өңірінде мектеп жасындағы 1000 баланы оқытып, ҰБТ-ға, түрлі олимпиадаларға дайындау, ағылшын тілін оқыту.

«Бұл ретте білім саласында білімі мен тәжірибесі бар 1400 волонтер дайындалды. Олардың көмегімен жоба 14 өңірде жүзеге асырылды. Ауылдық мектептерде 500 волонтердің күшімен 3 мың бала балаларды ҰБТ-ға дайындалды. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы жобаның нәтижесімен желтоқсан айында таныстыратын болады», - деді вице-министр.

Сонымен қатар, тиісті ақпарат жобаны жүзеге асыруға қатысқан үкіметтік емес ұйымдардың және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ақпараттық платформаларында жарияланады.