Конференция қатысушыларына сөз арнаған Ли Чжаньшу Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті қалыптастыру, оның саяси жүйесін жетілдіру және тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы ерен еңбегіне тоқталды.
"Тұңғыш Президент Назарбаев – халықаралық қоғамдастықтағы беделді саясаткер болумен қатар, қытай халқының тілеулес досы ретінде ұзақ уақыттан бері қытайлық-қазақстандық тату көршілік және достық ынтымақтастықты нығайтып, Қытайда жоғары беделге ие болып келеді", деді Қытай Парламентінің cпикері.
Ли Чжаньшу қос ел арасындағы парламентаралық өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, оның екі ел халқына да тиімді екеніне тоқталды. Сонымен қатар, Тұрақты комитеттің төрағасы ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік жан-жақты дамыту мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісімен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендігін жеткізді.