Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы балалар бақшасының меңгерушісі болған Ольга Ли осыдан 5 жыл бұрын 1 млн.нан астам теңгені жымқырып, қашып кеткен болатын. Бұл туралы Munara.kz хабарлады.
Ол құзіретті органға жалған мәліметтер ұсынып, тізімде жоқ қызметкерлер үшін жалақы алып отырған. Құқық қорғау қызметкерлерінің тексеруі барысында оның 1 млн.нан аса теңгені жымқырғаны анықталды. Осыған байланысты қаржы полициясының қызметкерлері О. Лидің үстінен «сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және шығындау», «қызметін асыра пайдалану» бабымен қылмыстық іс қозғаған болатын. Артынан оның қашып кеткені мәлім болып, оған халықаралық іздеу жарияланды.
Жақында атышулы қылмыскер полицияның қолына түсіпті. Қазір ол Алматы қалалық ішкі істер департаментінің уақытша оқшалау изоляторында отыр.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: Munara.kz