26 Қараша, 2020

Сайрам ауданында инфекциялық стационар салынады

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Сайрам ауданында қосымша 100 төсек-орындық инфекциялық стационар салынады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қолдауымен жүзеге асатын жобаның жер телімі бекітілді.

Аудандық орталық аурухананың індеттің ықтимал екінші толқынына дайындық барысын бақылаған Өмірзақ Естайұлы медицина қызметкелері қорғаныш құралдарымен, залалсыздандыру заттары және дәрі-дәрмек қорымен толық қамтамасыз етілуі тиіс екенін айтты. Аудан әкімі Ұласбек Сәдібековке ауруханада жүріп жатқан күрделі жөндеудің сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Емдеу мекемесі 134 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетеді. Медициналық мекеменің 7 бөлімшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ 40 орынға есептелген инфекциялық бөлім жасақталып, COVID-19 -ға диагностикалық медициналық құрал – жабдықтар толық жинақталған. ИВЛ аппараттары мен оттегілік концентраторларымен қамтамасыз етілген. Амбулаторлық-емханалық ұйымдарда 28 мобильді топ  құрылып, 4500-ден астам науқасқа емдік шара көрсетілген.

Облыс әкімі жұмыс сапары барысында Ақсукент ауылдық округіндегі медициналық бетперделер шығаратын «S Medical» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Таяуда ашылған өндіріс орнында тәулігіне 80 мың, айына 2 млн дана медициналық бетперде шығарылуда.