Саясат • 27 Қараша, 2020

Қылмыс деңгейін төмендету – басты міндет

10 рет көрсетілді

Ақмола облысында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Іс-шарада өңір басшысы Ермек Мар­жықпаев қылмыстың алдын алу ісіндегі шараларды іске асыру жөніндегі жұмыс мүлтіксіз шараларды қабылдауды талап ететінін және барлық мемлекеттік орган­дардың күш-жігерін үйлестірудің ма­ңыз­ды міндеті болып табылатынын сөз етті. Күн тәртібінде ауыр және аса ауыр қыл­мыстарға қатысты алдын алу шаралары, интернет-алаяқтық пен жол-көлік оқи­ғаларының алдын алу мәселелері қаралды.

2020 жылы барлық тіркелген қыл­мыс­тарды талдау көрсеткендей, қыл­мыстардың өсуіне алкогольді теріс пайдалану, жұмыссыздық, есірткі қолдану, төтенше жағдай кезінде отбасылық жан­жал­дар әсер етті.

Іс-шарада карантин жағдайында кибер-қылмыскерлер белсенділігі қозғалды. Әр­бір қылмыстық әрекетте зиянкестер ақ­параттық және коммуникациялық техно­логиялар құралдарын, ұялы байланыс құ­рал­дарын және Интернет желісін пайдаланды. Осыған байланысты облыстық По­лиция департаментінің басшылығы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқықбұзу­шылықтардың алдын алу бойынша 2020 жылға арналған, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында жоспарлар бекітті. Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл бағ­дарламасы өзектендірілді.

Осы жылы ЖКО саласында қылмыс­тың 18%-ға төмендегені байқалғанына қара­мастан, мас күйінде автокөлікті бас­қарудың 1000-ға жуық фактісі анық­талған, мас жүргізушілердің кінәсінен облыс жол­­да­рында 500 жол-көлік оқиғасы орын алып, 87 адам қаза тауып, 800 адам жа­ра­қат алған.

Республикалық маңызы бар автожол­дардың бойындағы қараусыз қалған мал да жүр­гізушілерге үлкен қауіп төндіреді. Осы жылы малдың қатысуымен 42 ЖКО тір­келді, онда 4 адам түрлі дәрежедегі жа­ра­қат алған.

Осыған байланысты тәртіп сақшы­лары ірі елді мекендердегі жаяу жүргін­шілер өткелдерін жетілдіру, оларды жа­рықтандыру бойынша ұсыныстарын жеткізді, республикалық автомобиль жолдарын кеңейту, Көкшетау – Красный Яр көлік жүретін бөлігін, №12 мектеп ауда­нындағы Қылшақты өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін, сондай-ақ Көкшетау қаласы мен облыстың басқа да бірқатар көлік жүретін бөліктерін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.

Соңғы 5 жылда облыста ауыр қыл­­­­­мыс­­­тардың 73%-ы мас күйінде жасал­ғанын атап өту маңызды. Бұл көбі­несе алкогольді заңсыз өткізумен, көбінесе интернет желісі арқылы, кон­трафактілік өнімді сатумен байланыс­ты. Осы өзекті мәселені шешу үшін По­лиция департаменті техникалық және медициналық қажеттіліктер үшін сатыл­ған спирттің мақсатты пайдаланылуына бақылау енгізуді, сондай-ақ алкоголь өнімінің тікелей және жанама жарнамасын жою жөніндегі мәселені қарауды ұсынды.

Сондай-ақ іс-шарада Көкшетау мен Степногор қалаларынан басқа көптеген елді мекендерде уақытша бейімдеу және деток­сикация орталықтарының болмауы мәселесі атап өтілді. Бұрын қылмыс жаса­ған, тұрақты жұмыс орны жоқ адамдарды жұ­мыссыз ретінде есепке қою мәселелері де сөз болды.

Отырыс қорытындысы бойынша, құ­қық қорғау органдарынан келіп түскен ұсы­ныстарды аймақ басшысы назарға алып, аудан әкімдеріне, басқармалар мен ведомстволардың басшыларына Ақмола облысы мен Көкшетау қаласында қылмыс деңгейін төмендету мақсатында одан әрі ал­дын алу шаралары бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар

26 қаңтардағы валюта бағамы

Қаржы • Бүгін, 12:46

Кобидің қазасы

Спорт • Бүгін, 10:47

Ұқсас жаңалықтар