Кеше Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.

Зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі реттеледі
Жоғарыда аталған құжат жаңартылатын энергия көздеріне қолдау көрсетуге арналған. Еліміздің сыртқы көздерге энергетикалық тәуелділігін де төмендетеді. Бұл электр энергиясының арзандауына септігін тигізіп, тұтынушылар үшін қолайлы жағдай туғызады. Заң жобасы бойынша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісовтің айтуынша, құжатта бірқатар жаңалық қарастырылған. Біріншіден, электр стансаларының маневрлік қуатын арттыру жоспарда бар. Сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін қолдауға «өтпелі тариф» белгіленбек.
«Жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау көзделген. Бұл мақсатта ұсынылып отырған шаралардың қатарында жаңартылатын энергия көздерінің электр энергиясын сатып алуға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін 15 жылдан 20 жылға дейін ұлғайту ұсынылады. Ол инвесторға аукциондық сауда-саттықта неғұрлым төмен тарифтерді ұсынуға жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді», деді депутат.
Заң жобасындағы келесі жаңашылдық артық энергияны қаржы-есеп айырысу орталығы арқылы сатып алу және қайта сату болмақ. Осыған байланысты гидроэлектрстансаларының артық электр энергиясын «КЕГОК» акционерлік қоғамына қарайтын қаржы-есеп орталығына сату міндетін заңнамалық түрде бекіту ұсынылады. Құжат туралы пікір білдірген Сенат Төрағасы заң жобасында жаңартылатын энергияны дамыту үшін қолайлы жағдайлар мен тетіктер көрсетілгенін атап өтті. «Арзан, таза, тұрақты және заманауи энергия көздеріне жалпыға бірдей қолжетімді етудің маңызы зор. Соған сәйкес елімізде жаңартылатын көздерден алынатын энергияның үлесін арттыру көзделіп отыр. Осы орайда, бүгін қабылданған заң елімізде жаңартылатын көздерден алынатын энергияны өндіру мен қолдануды ынталандырумен қатар, қоршаған ортаны қорғауға да үлесін қосатыны сөзсіз», деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар Сенат депутаттары «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарады. Бұл келісім Одақтың қай елінде жұмыс істесе де еңбекшілерді зейнетақымен қамту сол мемлекеттің азаматтарымен тең жағдайда жүргізілуін көздейді. Заң бойынша әр мемлекет өз аумағында жұмыс істеген кезең үшін төлейді деп қарастырылған.
«Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін реттеу мақсатында жеке халықаралық шарт әзірлеу көзделген. Осыған байланысты тиісті келісім әзірленіп, 2019 жылдың 20 желтоқсанында мемлекеттер басшылары қол қойды. Аталған келісімнің негізгі мақсаты – жұмысқа орналастырушы мемлекет өз азаматтарына тарайтын жағдайларда және тәртіппен еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру, сақтау және іске асыру, еңбекшілердің зейнетақыларын тағайындауға және экспорттауға байланысты мәселелерді шешу, сондай-ақ мүше мемлекеттер арасында зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастықты нығайту», деді заң жобасы жөнінде баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде әртүрлі зейнетақы жүйесі қалыптасқан. Мысалы, Беларусьта жинақтаушы зейнетақы жүйесі жоқ. Басқа елдерде жинақтаушы жүйелері әртүрлі. Зейнетақы жүйелерін қаржыландыру және зейнетақы қаражатын бөлу тәсілдерінде де айырмашылық бар. Бұдан басқа зейнетақы жүйелері құрылымдық жағынан, яғни зейнеткерлік жасы, мөлшері, еңбек өтілі және басқа да параметрлер бойынша ерекшеленеді.
«Қазіргі уақытта тұрақты тұратын шетелдік азаматтар үшін зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі реттелген. Ал жұмыс мақсатында уақытша келген еңбекшілер үшін бұл мәселе реттелмеген күйде қалып отыр. Сондықтан аталған келісімнің күшіне енуі еңбекшілердің зейнетақы саласындағы мәселелерін реттеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары мен еңбекшілердің тең құқықтары қамтамасыз етіледі. Әр мемлекет өз аумағында жұмыс өтілі кезеңдері үшін зейнетақы төлейтін болады. Әрбір мүше мемлекет зейнетақы алу құқығын айқындап, оның мөлшерін өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес есептейді», деді Б.Нұрымбетов.
Жол сапасы алаңдатады
Палатаның жалпы отырысында алты депутаттық сауал жолданды. Сенат Төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров және сенаторлар Рысқали Әбдікеров пен Сергей Ершов еліміздегі маңызды автожолдардың сапасына, сондай-ақ осы саладағы өзекті проблемаларға Үкімет басшысының назарын аударды. Депутаттар сауалында жыл сайын жолдардың жөнделуі мен күтімі үшін бөлінетін қомақты қаражат та сөз болды.
Қазіргі таңда автожол саласында ең жиі кездесетін мәселелердің бірі – жүк автомобильдерінің шамадан тыс жүк тасуы. Бұл жаңадан салынған жолдардың мерзімінен бұрын бұзылуына алып келеді. Статитикаға жүгінсек, еліміздегі жолдардың 9,3 пайызы ғана 10 тоннадан астам жүктемені қабылдай алады. Ал жалпы жолдардың 90,7 пайызы жүк көліктерінің ең төменгі салмағына да төтеп бере алмайды. Оған қоса, сапасы жағынан қауіпті санатта тұр.
Заңға сәйкес жалпы қолданыстағы автожолдар арқылы жүк көлігімен 25 тоннадан астам жүк тасымалдауға тыйым салынған. Алайда депутаттар келтірген ақпарат бойынша осы жолдармен 40 тоннаға дейінгі жүкті тасымалдау толастамай тұр.
«Бұл проблемаға тосқауыл болатын бақылаушы органға баса мән беру қажет. Мысалы, елімізде 95 мың 600 шақырым болатын автомобиль жолы бар. Көліктік бақылау инспекциясының жалпы штат саны 278 маманды құрайды, көліктік бақылау бекеттерінің саны – 53. Демек, бір Көліктік бақылау бекеті шамамен 2 мың шақырым автомобиль жолын назарда ұстау керек. Бұл, әрине, автомобиль жолдарын толыққанды бақылау үшін жеткіліксіз», дейді сенаторлар.
Осыған байланысты депутаттар ауыр жүк тасымалдаушы көліктерді тексеру мен бақылауды күшейтуді және жүк тасымалдау фактілерін (техпаспорт негізінде, өлшеусіз) тексеру құқығын полицияға да беру мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Сондай-ақ сауал барысында облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, жөндеу жұмыстары кезінде заманауи инновациялық технологияларды кеңінен қолдануды талап етудің қажеттілігі де айтылды.
Сенатор Бекболат Орынбеков аудандық маңызы бар моно және шағын қалаларға жұмыс істеу үшін келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін көтерді. Ол бұл туралы еліміздің Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында айтты.
Бүгінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген әлеуметтік сала мамандарын қолдауға бағытталған «Дипломмен – ауылға!» жобасы іске асырылып келеді. Жобаның басты мақсаты – ауылдық елді мекендердегі кадр тапшылығын шешу. Дегенмен аталған бағдарламаны аудандық маңызы бар моно және шағын қалаларда жүзеге асыруда бірқатар өзекті мәселелер бар. «Аталған қалаларға жұмыс істеуге немесе тұруға келген әлеуметтік сала мамандарына қолдау көрсету шаралары жүргізілмеуде. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы бойынша 27 моноқалада 1,5 млн адам және 42 шағын қалада 1 млн адам тұрады, оның ішінде 69 аудандық маңызы бар қалаларда 2,5 млн адам тұрады», деді Бекболат Орынбеков.
Мұндай жағдай Жамбыл облысындағы аудан орталықтары болып есептелетін Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларында кездеседі. Сенатордың айтуынша, осы қалаларға жұмысқа орналасқан жас мамандар барлық әлеуметтік көмектен шет қалып отыр. Бұл жағдай жергілікті жерде кадр тапшылығының одан әрі ұлғаюына әкеледі. Сенатор аталған мәселені шешу үшін Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығында көрсетілген талаптарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет екенін айтты.
Цифрландыру мәселесі шешілмей тұр
Нұртөре Жүсіп Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған депутаттық сауалында кітапханалар мен архивтердегі цифрландыру жағдайына назар аударды. Сенатордың айтуынша, бүгінде отандық кітапханалар мен мұрағаттарда құжаттар мен жазбаларды сақтау ісіне жеткілікті көңіл бөлінбейді. Тіпті елордадағы Ұлттық архивке қарасты Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында қолжазбалар мен сирек кітаптар сақтайтын жер өте тар. «Қор көбейген сайын, ғимаратқа сыймай барады. Орталықтың ғимараты еуропалық талаптарға мүлдем сай емес. Оның үстіне, көрермендерге арнап дайындаған көрмесі де кішкентай. Сондықтан кітап қоры көбейген сайын орталықта ғылыми сараптамалық топты ұлғайту керек», деді Нұртөре Жүсіп.
Сауал барысында сенатор елімізде реставрация саласын жетілдіру, осы бағытта маман даярлау, аймақтардағы архивтердің жағдайын жақсарту мәселелеріне де назар аударды. Сонымен қатар ол кітаптар мен құжаттарды цифрландыру ісі көңіл көншітпейтінін айтты. Сенатор бұл мәселелерді Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі бірлесе қолға алып, жетілдіру керектігін сөз етті. Сондай-ақ елімізде қолжазбалар, сирек кітаптар, басқа да құнды құжаттарды цифрландырып, олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықтың қажетіне жарату қажет екенін атап өтті.
Сенатор Ақмарал Әлназарова Қазақстанда толық балалардың көбейіп бара жатқаны туралы айтты. Депутат Министрлер кабинетінің басшысының атына жолдаған сауалында жағымсыз жағдайдың себептері туралы айтты.
«Қазақстандағы балалар майлы, қанты мен тұзы көп өнімдердің көлемді маркетингінің ықпалында қалғанын мойындау керек. Бұл біздің балаларды ауқымды маркетинг әсерінен қорғау және шектеу қажеттігін көрсетеді», деді сенатор.
Сенатор Андрей Лукин «Нұрлы жер» қолжетімді тұрғын үй салу мемлекеттік бағдарламасын іске асыру көрсеткіштеріне күмәнданатынын жеткізді. Депутат «Нұрлы жерге» бөлінген қаражаттың 50 пайыздан астамы игерілмегеніне назар аударуын сұрап, Үкімет басшысына сауал жолдады. Бағдарламаға 873,8 млрд теңге бөлінсе, оның тек 476,8 млрд теңгесі ғана жұмсалған. Ал тұрғын үй алғысы келетіндердің саны күн санап өсе беретіні заңды.
«Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджеттік қаржы көлемін және олардың даму деңгейінің төмендігін, сондай-ақ азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің асыра бағаланған көрсеткіштерін ескере отырып, бөлінген қаржының пайдаланылуы, қолдануға берілген тұрғын үйдің бөлінуі және мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың санын азайтуға нақты әсері туралы ақпарат беруіңізді сұраймын», деді Андрей Лукин.
Сенатор Бақытжат Жұмағұлов Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында Жетісу жерінде, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, тарихы тереңнен тамыр тартатын Қапал ауылының бүгінгі жай-күйіне қатысты мәселе көтерді. Ол Қапалдың іргесі бекініс ретінде 1847 жылы қаланғанымен, шежіресі сонау Түркі дәуіріне, Қимақ мемлекетіне барып тірелетінін айта келіп, Қазақстанның қасиетті жерлерінің картасы дайындалып жатқан қазіргі кезде осындай сан ғасырлық тарихы бар орындар ескерусіз қалмаса екен деген ұсынысын жеткізді.
Сонымен қатар сенатор бекініс ретінде салына бастаған кезеңде, яғни осыдан екі ғасыр бұрын тұрғызылған нысандарды сақтап қалу мәселесіне де назар аударды.
«Осыдан екі жүз жыл бұрын Тянь-Шяньнің шыршасынан қаншама үйлер салынды. Олар күні кешеге дейін сәулет өнерінің үлгісіндей болып сақталып келіп еді. Бірақ бүгінде XIX ғасырдың ескерткіші болып саналатын қос қабатты үйлердің бет жағы ғана сақталыпты. Ескі екі мешіт үйі қараусыз қалып, құлаған. Ауылдың рухани орталығы болған ақын Сара мен Фатима Ғабитова музейлерінің ізі де жоқ. Ондағы құнды экспонаттар қайда?» деген Бақытжан Жұмағұлов бұл жергілікті халықтың жанайқайы екенін айтты.
Осыған орай сенатор Премьер-Министрден сәулетшілер, тарихшылар, әдебиетшілер, этнографтардан тұратын арнайы комиссия құруды, Қапал ауылының мәдени-тарихи ескерткіштерін қорғау үшін тиісті шаралар қабылдауды және оларды Үкімет қорғауындағы санаттар қатарына қосуды сұрады.
Байғабылда су мұнарасы құлап қалды
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Президент: Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында – артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді
Президент • Бүгін, 14:17
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандық вакцинаны салдырамын
Президент • Бүгін, 14:05
Президент тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажеттігін айтты
Қоғам • Бүгін, 13:56
Қызылордада биыл 4 ірі жоба іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі байланыс пен интернет сапасын сынға алды
Технология • Бүгін, 13:42
Үкіметке жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан жайылымдар қайтарылуы тиіс
Президент • Бүгін, 13:35
Шатырдағы мұз сүңгілері құлап, 11 жастағы бала көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Президент Үкіметке «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 13:23
Жайық өзенінің экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады - Президент
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Жер кодексіне түзетулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Елорда әкімі тұрғындардың газдың бағасына келіспеушілігі болғанын мойындады
Елорда • Бүгін, 13:05
Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі құрылады
Президент • Бүгін, 13:04
Президент азаматтар қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналасатын үш өңірді атады
Қазақстан • Бүгін, 12:58
Боранда жолға шыққандар жапа шекті
Оқиға • Бүгін, 12:57
Президент бюджетке түсетін салықтың аз екенін айтты
Президент • Бүгін, 12:51
Жерлесіміз АТР чемпиондық жарысында үшінші орынға көтерілді
Теннис • Бүгін, 12:49
Президент Гүлшара Әбдіхалықовадан облыстағы құрылыс қарқынының баяулау себебін сұрады
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Президент шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды
Экономика • Бүгін, 12:47
Қаржы • Бүгін, 12:46
Үндістанда екпе туралы қауесет таратқандар жазаға тартылады
Әлем • Бүгін, 12:43
Биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болады
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қ.Тоқаев Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасына тапсырма берді
Президент • Бүгін, 12:38
IIHF хоккейден әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы бүгін анықтайды
Хоккей • Бүгін, 12:37
Алексей Цой: Үш өңірдің эпидемиялық ахуалы жеткілікті деңгейде қадағаланбай жатыр
Медицина • Бүгін, 12:37
Жамбыл облысында қылмыс деңгейі төмендеді
Аймақтар • Бүгін, 12:32
СҚО-да қолайсыз ауа райынан төрт автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Президент Үкіметке Қызылорда облысына қолдау көрсетуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:24
«Қазақ радиосы»: Нұр-Сұлтанда көптеген көше атауы ауысып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:22
«СҚ-Фармация»-ны бақылаушы құрамға арнайы қоғамдық жұмыс тобы құрылды
Медицина • Бүгін, 12:20
Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінімдер қабылдау басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:19
«Жүйесіз сөз иесін табады» - депутат Ахметов өзін сынағандарға жауап берді
Қазақстан • Бүгін, 12:19
Өткен жылы 700 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алған
Бизнес • Бүгін, 12:15
iKomek109: Есірткіге тәуелді жандарға консультация беріледі
Аймақтар • Бүгін, 12:13
Қорғаныс министрлігінде апталық аппарат кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 12:11
Жер учаскесі онлайн рәсімделеді - Асқар Мамин
Қоғам • Бүгін, 12:04
Елімізде 100 жаңа ІТ-компания құрылады
Қазақстан • Бүгін, 12:02
Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағы үшін таласпайтын болды
Спорт • Бүгін, 12:00
Үкіметтің биылғы басты мақсаты – экономика өсімін 3 пайыз деңгейінде ұстап тұру
Қазақстан • Бүгін, 11:57
Қазақстандықтардың өмір сүру жасы 73,3 жасқа ұзарады
Қоғам • Бүгін, 11:57
Президент вакцинация мәселесіне қатысты тапсырма берді
Президент • Бүгін, 11:56
ЖОО сапасын арттыру үшін 20 академиялық орталық құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:54
2021 жылы әлемдік экономика 5,2%-ға дейін қалпына келуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 11:49
Алматыда автобус қаққан әйел оқиға орнында мерт болды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Антикорда мониторингтік топтың жылдық қорытындысы шығарылды
Қазақстан • Бүгін, 11:46
Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматқа көшіріледі
Білім • Бүгін, 11:44
Алексей Цой дәрі тапшылығына байланысты сұраққа жауап берді
Үкімет • Бүгін, 11:40
Бюджет саласындағы 1 млн-нан астам қызметкердің жалақысы өседі
Үкімет • Бүгін, 11:36
2021 жылы теңге бағамын тұрақтындыру бойынша жұмыстар жалғасады – Ерболат Досаев
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Ұлттық банктің активтері жоғары деңгейде қамтамасыз етілді
Үкімет • Бүгін, 11:32
Халыққа тегін вакцинация жасау қамтамасыз етіледі
Үкімет • Бүгін, 11:28
Үкімет басшысы 2021 жылда дамыту тиіс 7 басты бағытты атады
Президент • Бүгін, 11:18
Қызылордада 10 жасар баланың өліміне қатысты істі арнайы комиссия тексереді
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Қазақстан тұрғын үй құрылысы бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында
Қазақстан • Бүгін, 10:55
Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
Президент • Бүгін, 10:54
Қазақстанда алғаш рет Климат сағаты пайда болды
Қазақстан • Бүгін, 10:47
Спорт • Бүгін, 10:47
Даңқты Уэйн Гретцки 60 жасқа толды
Хоккей • Бүгін, 10:45
Коронавирус уақыты соңғы 100 жылдықтағы ең ауыр дағдарыс - БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:43
Бүгін Валентин Йордановтың туған күні
Күрес • Бүгін, 10:35
Қызылорда облысында «қызметкерімен төбелескен» аудан әкімі туралы нақты ақпарат айтылды
Аймақтар • Бүгін, 10:30
Атырауда І топтағы мүгедек дипломын 13 жылдан соң алды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймақта тұр
Коронавирус • Бүгін, 10:21
Бағдат Мусин қауіпсіздік саласындағы цифрлық жобалармен танысты
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Автокөлікті мобильді қосымша арқылы онлайн тіркеуге болады
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Барлық COVID-19 қарсы вакцинаның құрамы бірдей ме?
Қоғам • Бүгін, 10:15
Алматыда аралас жекпе-жектен екі турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 10:08
Шаңғыдан әлем чемпионаты көрерменсіз өтеді
Қысқы спорт • Бүгін, 09:57
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 100 миллионға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 09:57
Ұқсас жаңалықтар