Саясат • 27 Қараша, 2020

Орталық сайлау комиссиясы: Өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді

783 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

Кеше Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысы өтіп, онда 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімін тіркеу, сондай-ақ 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде өтініштерді қарау барысы және сайлау заңнамасын түсіндіру тәртібі туралы мәселелер қаралды.

Орталық сайлау комиссиясы: Өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді

Отырысты ашқан ОСК төрағасы Берік Имашев Ортсайлаукомның Парламент Мәжілісі және мәслихаттардың партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлауға Қазақстанда тіркелген барлық 6 саяси партияның жіберілгенін еске салды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бо­йынша Ортсайлауком мүшесі Асылбек Смағұлов  баяндама жасады. Ол 2020 жылғы 19 қарашада ОСК-ға «Ауыл» пар­тиясы Парламент Мәжілісінің депутат­ты­ғына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды ұсынғанын хабарлады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 89-бабына сәйкес бір саяси партиядан тізімге енгізілген адамдардың саны саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санынан отыз пайызға аспайтын бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі. Партиялық тізімде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс. «Ауыл» партиясының партиялық тізімінде 19 адам бар. 4 әйел және жиырма тоғыз жасқа толмаған 2 адам енгізілген, бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,5 пайызын құрайды. Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық Заңның талаптарына сәйкес келеді. Осыған байланысты ОСК мүшелері «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы» қаулы қабылдады.

Отырыстың екінші мәселесі бо­йынша ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев баяндама жасады. Ол 21 қазаннан бас­­­­тап бүгінге дейін ОСК-ға 34 өтініш келіп түс­ке­нін хабарлады, оның ішінде: 5 – жеке тұлғалардан, 29 – заңды тұлғалардан, оның ішінде 13-і – БАҚ-тан. Келіп түскен мәселелердің сипаты бойынша өтініштер былайша бөлінді: 50% (17) – «Сайлау туралы» Заңның нормаларын түсіндіру туралы; 17% (6) – сайлау процесін ұйымдастыру мәселелері бо­йынша ақпарат беру туралы; 12% (4) – сайлау заңнамасын және ОСК қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар; 21% (7) – өзге де мәселелер бойынша.

Көрсетілген кезең ішінде келіп түскен 34 өтініштің ішінен: ОСК аппараты тарапынан 22-сіне белгіленген мерзімде өтініш берушілерге толық жауап берілді; төртеуі Орталық сайлау комиссиясының құзыретіне кірмейтіндіктен, заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға қайта жолданды; бір қайта жасалған өтініш қараусыз қалдырылды; БАҚ-тың 2 ақпараттық хабарламасы ОСК сайтында орналастырылды; 5 өтініш қаралуда. Орындалмаған өтініштер жоқ. Өтініштерде жиі көтерілетін мәселелердің ауқымына сайлау заңнамасын жетілдіру туралы ұсыныстар еніп отыр.

Мәселен, ОСК атына қоғамдық ұйым­нан петиция келіп түскен. Онда «Сай­лау туралы» Конституциялық заңды жетілдіру мәселелері көтерілген. Е.Дауыл­баев Орталық сайлау комиссия­сы заң шығару бастамасы құқығының субъектісі болып табылмайтынын атап өтті. Осыған байланысты «Сайлау туралы» Заңға өзге­ріс­тер енгізу туралы ұсыныстарды ОСК ап­па­раты осыған уәкілетті органдарға жібе­реді. Сондай-ақ Ерлан Дауылбаев бұқа­ралық ақпарат құралдарының жүгіну тәртібін жеке түсіндірді.

Осылайша, «БАҚ туралы» Заңға сәйкес БАҚ-тың, оның ішінде жазбаша жә­не (немесе) электрондық құжат түрін­дегі берілген ресми хабарларды түсін­діру жөніндегі сұрау салулары бас ре­дак­тордың (редактордың), уәкі­летті адам­ның немесе аккредиттелген журналис­тің қолымен жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қол­таң­бамен куәландырылады. Егер жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, оның ішінде БАҚ сұраулары электрондық түр­де жасалса, онда олар электрондық цифр­лық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.

Сайлау процесіне қатысушылардың кең ауқымын хабардар етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ОСК отырыс­тарды онлайн-трансляциялау практикасын енгізді.

Бүгінгі таңда алты отырыс өткізіліп, онда тиісті қаулылар алқалы түрде қабыл­данды. ОСК отырыстарының тақырыбы сайлау процесінің нақты кезеңдерімен сәйкестендіріле отырып, Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспар­ларында белгіленіп отыр. ОСК қаулы­ларымен бекітілген күнтізбелік жос­парлар ашық қолжетімділікте орна­лас­тырыл­ған. Сонымен қатар брифингтерде әрбір отырыс аяқталғаннан кейін ОСК мү­шелері БАҚ сұрақтарына жауап бере оты­рып, тиісті тақырып және қа­был­данған қаулылар бойынша түсініктеме береді.

Сайлау процесіне қатысушылардың құқық нормаларын дұрыс және біркелкі түсінуі мен қолдануы мақсатында Е.Дауыл­баев ОСК-ның және басқа да ор­ган­­дардың сайлау науқаны кезіндегі заң­на­маны түсіндіру жөніндегі өкілет­тікте­ріне қатысты құқықтық нормаларға тоқталды. Конституцияның 72-бабына сәйкес, Конституциялық Кеңес Консти­туцияның нормаларына ресми түсіндірме беретін жалғыз орган болып табылады. Нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру тәртібі «Құқықтық актілер туралы» Заңмен регламенттелген. Бұл заң түсіндірудің екі нысанын қарастырады: ресми және бейресми. Мәселен, Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беруді Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырады. Сайлау заңнамасын түсіндіруге келетін болсақ, оның «Қазақстан Респуб­ликасындағы сайлау туралы» Консти­ту­ция­лық Заңның нормаларымен де, «Құ­қық­тық актілер туралы» Заңның ереже­лерімен де реттелетінін ескеру қажет.

Сұрау салулардың авторлары Орталық сайлау комиссиясынан түсініктеме алу үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 12-бабының 5) тармақшасында бекітілген Орталық сайлау комиссиясының заң­наманы түсіндіруді ұйымдастыру жөніндегі функциясына сілтеме жасауды басшылыққа алады. Осы Заңда белгіленген функцияны іске асыруға сүйене отырып, ОСК мыналарға құқылы: «Сайлау туралы» заңнамаға өз бе­тінше түсініктеме беруге; өз бетін­ше қандай да бір түсіндірулер жасамай, «Сайлау туралы» заңнаманы түсін­діруді ұйымдастыруға; сайлау заңна­масының жекелеген ережелерін өзге заңдар тұрғысынан түсіндіру үшін басқа мемлекеттік органдарға жүгінуге құқығы бар. Осы үш аспектіні ескере отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: ОСК сайлау заңнамасын түсіндірудің бойынша жалғыз және түпкілікті субъекті емес, керісінше «үйлестіруші» немесе «ұйымдастырушы» рөлін атқарады. ОСК-ның сайлау заңнамасын түсіндіру шеңберінде «Құқықтық актілер туралы» Заң ОСК-ға өзінің нормативтік құқықтық қаулыларын ғана ресми түсіндіру жөнінде өкілеттіктер береді.

Ұйымдастырушы рөлінде бола отырып, ОСК өзінің нормативтік-құқық­тық қаулылары бойынша ресми түсін­дірме беру үшін уәкілетті мемлекеттік орган­дардың ұстанымын алдын ала сұратуға құқылы. Бұл ретте, ОСК заңдардың, соның ішінде «Сайлау туралы» Конституциялық заңның нормаларына ресми түсіндірме беруге құқылы емес. ОСК аппараты өз құзыреті шегінде сайлауға байланыс­ты қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге тек нақ­ты субъектілерге немесе нақты жағдайға қатысты бейресми түсініктеме бере алады.

Азаматтардың алдағы сайлауды әзір­леу мен өткізу туралы толық және дұрыс ақпарат алу құқықтарын қамта­масыз ету мақсатында Орталық сайлау комиссиясының аппараты бейресми түсіндіру құралдары ретінде ақпараттық-түсіндіру материалдар кешенін (бейне, аудиороликтер, плакаттар, әдістемелік және басқа да материалдар) әзірледі.

Қазіргі уақытта БАҚ арқылы ақ­па­рат­тық материалдар кеңінен жария­ланып келеді, яғни: республикалық 6 телеарнаның эфирінде арнайы әзірленген бейнероликтер 951 рет жарыққа шықты; 5 республикалық радиостанцияда аудиороликтер 813 рет шығарылды, сондай-ақ осы материалдар өңірлік теле және радио арналарда ротация арқылы кеңінен көрсетіліп келеді; «Топ-7» рейтингке кіретін 5 республикалық интернет-ресурстардың беттерінде тәулік бойы режімі бойынша Интернет-баннерлер орна­ластырылып, олардың интер­нет­тегі көрсетілім саны 18 млн-ды құрап отыр; жалпы таралымы 925 мың дананы құрайтын 6 республикалық газетте 12 модуль шығарылды.

Өз құзыреті шегінде бейресми түсін­діруді «Құқықтық актілер туралы» Заң­ның 60-бабына сәйкес мемлекеттік саясат жүргізетін, белгілі бір салада реттеуді жә­не басқаруды жүзеге асыратын немесе құ­зыретіне тиісті мәселелерді шешу жатқы­зылған мемлекеттік органдар бере алады.

«Сайлау туралы» Заңның, «Құқықтық актілер туралы» Заңның және өзге де салалық заңдардың құқық қолданылуы мен орындалуы өз құзыреті мен өкілеттігі бойынша бейресми түсіндірудің мынадай субъектілерін бөліп көрсетеді: Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның ҚСжАЕК партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру мәселелерін түсіндіруге қатысады; Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс органдары мүдделі тұлғалар оларға жүгінген кезде салық заңнамасын, оның ішінде кандидаттардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну туралы нормаларды қолдану бөлігінде түсіндіреді; Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі сайлау науқаны кезіндегі БАҚ қызметінің мәселелерін, оның ішінде сайлау алдындағы үгіт мәселелерін, сон­дай-ақ саяси партиялардың қыз­меті саласындағы мәселелерді Қазақ­стан Республикасының Әділет министр­лігімен бірлесіп түсіндіреді; Ішкі іс­тер министрлігі сайлаушылардың тізім­дерін қалыптастыру кезінде жергі­лікті атқарушы органдар пайдаланатын ЖТМДБ (жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқор базасы) қалып­тастыру жөніндегі уәкілетті орган ретінде және ішкі көші-қон мәселелерін реттейтін және сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететін орган ретінде көрсетілген мәселелерді түсіндіруге қатысады; Қорғаныс, сыртқы істер, ішкі істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті сайлау учаскелері, құрылған әскер бөлімдері, демалыс үйлері, санаторийлер, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелері, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторлары, сондай-ақ Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіруге қаты­сады; жергілікті атқарушы органдар сай­лаушылар тізімін қалыптастыру және учаскелік сайлау комиссияларына ұсыну, сондай-ақ үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын анықтау мәселелерін түсіндіреді.

Е.Дауылбаев өз баяндамасында ОСК-ның ерекше конституциялық мәртебесі бар – алқалы орган болып табылатынын және әрбір шешім комиссия отырысында оның мүшелері санының көпшілік дау­сымен қабылданатынын атап өтті. Комис­сияның жеке мүшесінің пікірі бүкіл комиссияның пікірі болып есептелмейді.

Сөз соңында Е.Дауылбаев Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқаны барысында келіп түскен өтініштерді қарау барысы туралы жұртшылықты хабардар ету тәжірибесін жалғастыратынын атап өтті.

Отырыстың екінші мәселесінің қоры­тындысы бойынша ОСК-ның қаулысы қабылданды.

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының хабары

 

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 26 қарашада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің 19 адамды қамтитын партиялық тізімін мынадай құрамда тіркеді:

1.

Айтуғанов

Қайрат Қапарұлы

1962 ж.т., «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» ҰАҚ Басқарма төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады

2.

Әліпбеков

Зейін Амангелдіұлы

1973 ж.т., «Хабар» «Агенттігі» АҚ авторы-жүргізушісі, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады

3.

Аралбекова

Қарлығаш Әмірқызы

1977 ж.т., Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Индустрия және туризм комитеті басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады

4.

Арсютин

Николай Геннадьевич

1970 ж.т., «Проминвест Алматы» ЖШС филиалының директоры, Екібастұз қаласында тұрады

5.

Бегалы

Нұржігіт Мамырұлы

1967 ж.т., «Злиха» шаруа қожалығының басшысы, Жамбыл облысында тұрады

6.

Зейнуллин

Талғат Маратұлы

1962 ж.т., «Астана» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі» ӨК басқармасының төрағасы, Ақмола облысында тұрады

7.

Кәпұлы

Дәулеткерей

1977 ж.т.,  Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының директоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады

8.

Қыстауов

Болатбек Дүйсенбекұлы

1973 ж.т., Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы, Шымкент қаласында тұрады

9.

Қуатов

Дәурен Қасенұлы

1973 ж.т., «Қазақ әдебиеті» республикалық әдеби газетінің бас редакторы, Алматы қаласында тұрады

10.

Көкеева

Әйгерім Асқатқызы

1989 ж.т., «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті»  ҰАҚ тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің директоры, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады

11.

Машырықов

Кенжеғали Сағидоллаұлы

1971 ж.т., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының бастығы, Ақтау қаласында тұрады

12.

Мұхаметов

Алмас Ерекұлы

1992 ж.т., Қазақ ұлттық зерттеу университетінің оқытушысы, Алматы қаласында тұрады

13.

Рақымбеков

Төлеутай Сатайұлы

1964 ж.т., «Ауыл» ХДПП ҚБ төрағасының бірінші орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады

14.

Саттаров

Айдар Ғалымбекұлы

1992 ж.т., «Ауыл» ХДПП ҚБ бухгалтері, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады

15.

Сатыбалдин

Әзімхан Әбілқайырұлы

1959 ж.т., Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институтының директоры,  Алматы қаласында тұрады

16.

Тәсібеков

Қанат Ғалымұлы

1959 ж.т., жазушы, Алматы қаласында тұрады

17.

Тоқсейітова

Рабиға Әлібекқызы

1962 ж.т., «Aitas KZ» АҚ вице-президенті, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады

 

18.

Төлеген Бахаргүл

1969 ж.т., «Әдемі-Ай plus» ЖШС директоры, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады

19.

Хаданович

Валентин Васильевич

1960 ж.т., «Азимут» ЖШС директоры, Қостанай қаласында тұрады