Оқиға • 27 Қараша, 2020

Талдықорғанда тұрғын үйде газ баллоны жарылды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласындағы тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Талдықорғанда тұрғын үйде газ баллоны жарылды

ТЖМ мәліметінше, оқиға 26 қарашада кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Алматы облысы ТЖД кезекші пультіне Талдықорған қаласының Еркін ауылы, Қазақстан көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде шағын газ баллоны (сыйымдылығы 5 литр) жарылды деген хабарлама түскен.

 Жарылыс салдарынан сегіз адам, оның ішінде үш бала зардап шекті. Олардың бәрі медициналық мекемелерге жеткізілді.

"Алдын ала болжам бойынша, тұрмыстық газ баллонын жылыту үшін пештің жанына қою жарылысқа себеп болған", деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД 28 қызметкері, 8 техникасы, 8 жедел жәрдем бригадасы, полиция, газ қызметі және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеді. Сондай-ақ зардап шегушілердің туыстарына психологиялық көмек көрсету үшін Алматы облысы ТЖД-ның екі психологы жұмылдырылды.

"ТЖМ азаматтардан газ баллондарын пайдалану және қолдану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды", деді ведомство өкілі.