Аймақтар • 27 Қараша, 2020

СҚО-да 1,5 мыңға жуық еңбек мигранттарына рұқсатнама рәсімделді

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан аумағында жақын шетелдерден келген 100 еңбек мигранттары бар. Бұлар Қазақстан аумағында 3 ай мерзімге визасыз жүру қақысы бар Тәжікстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Молдова, Украина және Грузия азаматтары.

СҚО-да 1,5 мыңға жуық еңбек мигранттарына рұқсатнама рәсімделді

«Алайда 16 наурыздан басталған карантиндік шектеу шараларына байланысты 1 қарашаға дейін олардың визасыз жүру мерзімі ұзартылған. Енді Қазақстан аумағында 12 ай тұрмаған азаматтар рұқсаттың мерзімін ұзартулары керек. Ал 12 ай тұрғандар елдеріне қайтарылады», дейді СҚО ПД КҚҚБ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Еділ Қазиев.

Рұқсат беру Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады. Жалпы, жыл басынан бері миграциялық  қызметтер1468 шетелдік азаматқа рұқсатнама толтырғын.

 

Солтүстік Қазақстан облысы