Аймақтар • 27 Қараша, 2020

Алматыда қараша айында коронавирустан 36 адам қайтыс болды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда биылғы қараша айында коронавирустан 36 адам көз жұмғаны туралы бүгін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Мадеева онлайн брифинг барысында мәлімдеді

Алматыда қараша айында коронавирустан 36 адам қайтыс болды

«Осы айда коронавирус жұқтырған 36 науқас көз жұмды. Олардың ішінде 10 адам 65 жасқа дейін болса, 25 науқас 65 жастан асқан азаматтар. Осы науқастардың 8-і ғана емханаға аурудың 7-тәулігінде келген. Қалған 28-і 10 күннен асқанда келді. 19 науқас үйде туыстарының айтуымен емделген. Олардың барлығында қосарлы созылмалы диагноздары болған. Аса ауыр халде жатқан науқастардың жасы 57 мен 83 жас аралығында», - деді Жанар Мадеева. Оның айтуынша, қалада күніне 40 адамнан симптомсыз коронавирус табылады.

«Ал инфекциялық стационарларда 257 адам, оның ішінде 15 бала емделіп жатыр. Олардың 20-сы аса ауыр халде, 65 адам ауыр халде, 230 адамның жағдайы орташа дәрежеде. Жансақтау бөлімінде 29 пациент жатыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына 3 адам қосылған», - деді Жанар Мадеева. Бүгінде зертханалық талдаумен расталған 442 адам үйінде оқшауланған. Пандемия басталғалы бері Алматыда 15 876 адамнан коронавирус табылды. Оның ішінде 14 740 адам жазылып шықты, 323 адам қайтыс болды.

 

 

АЛМАТЫ