Аймақтар • 28 Қараша, 2020

Түркістандықтар әскери-патриоттық жиында жүлделі орынға ие болды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Айбын – 2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістандықтар әскери-патриоттық жиында жүлделі орынға ие болды

Екі айға созылған жиынға 585 адам қатысып, онлайн-форматта 39 команда жарысты. Қатысушылар жиын барысында әскери қолданбалы спорт түрлерінен, интеллектуалдық және шығармашылық сипатта өзара сайыс өткізді. 

Жарыстың қорытындысына сәйкес, республикалық сайыста Түркістан облысы, Арыс қаласының «БАРЫС» əскери-патриоттық клубы жүлделі ІІ орынды иеленсе, «Үздік жас сарбаз» номинациясын осы команданың мүшесі Әбдібек Қуаныш иеленді. Жеңімпаз командалар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, конкурсанттарға шараға қатысқаны туралы сертификат табыс етілді.

Айта кетейік, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті 2020 жылдың қорытындысы бойынша тəртіп жағынан елімізде ең үздік департамент атанды.