Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Ақорда сайты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев қылмысқа қарсы іс-қимыл және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Жиынға орталық мемлекеттік, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың прокурорлары және өңірлік полиция департаменттерінің бастықтары қатысты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір аспектісі заң үстемдігінсіз және азаматтарымыздың қауіпсіздігіне кепілдіксіз сәтті іске асырылмайтынын ерекше атап өтті.
Жалпы, құқық қорғау жүйесі тиісті міндеттерді орындауда. Бұл биылғы 10 айдың ішінде қылмыстық құқықбұзушылықтарды тіркеудің 2020 жылдың 10 айындағы көрсеткіші 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32,4 пайызға азайғанын көрсетеді.
Бұл ретте, қарақшылық саны 53,9 пайызға, тонау – 48,5 пайызға, ұрлық – 51,0 пайызға, бұзақылық – 41,4 пайызға, зорлау 36,2 пайызға азайды. Сонымен қатар құқықтық тәртіпті одан әрі нығайту мақсатында жұмысты жандандыруды қажет ететін құқық қорғау қызметінің бағыттарын анықтау жұмыстары жалғасуда.
Қатаң карантиндік шектеулер кезеңінде отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Алаяқтық қылмыс деңгейі әлі де жоғары (27 мыңнан астам құқық бұзушылық). Қылмыс жасаудың мынадай тәсілдері кең таралған: телефон алаяқтығы және кибер-алаяқтық, сондай-ақ инвестициялық және өзге де қаржылық қызмет түрлерін сылтау ету арқылы қаржы пирамидаларын құру.
Соңғы жылдары қылмыстың жекелеген түрлеріне (мүліктік қылмыстардың сараланған құрамдары, жыныстық қатынас қылмыстары және т.б.) неғұрлым тиімді қарсы тұру үшін олар ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды.
Ауыр қылмыстарды тіркеудің артуына себеп болған бұл заңнамалық өзгерістер сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарынан тиісті қылмыстық әрекеттерді ашу, жолын кесу және тергеп-тексеру жұмыстарындағы тәсілдерді жедел қайта қарауды талап етеді. Осыған байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы құқық қорғау органдарының басшыларына ауыр қылмыс жасаған тұлғаларды анықтау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру және осындай әрекеттер бойынша жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Әсет Исекешев азаматтардың көпшілігіне біле тұра мүліктік залал келтіруге бағытталған алаяқтықтың алдын алу және уақтылы жолын кесу қажеттігіне ерекше назар аударды.
Талқылау барысында жергілікті атқарушы органдардың басшылығына азаматтардың қауіпсіздігіне неғұрлым теріс әсер ететін қылмыс түрлері бойынша алдын алу шараларына ерекше назар аудару ұсынылды (көшеде және өзге де қоғамдық орындарда жасалатын пайдакүнемдік-зорлық қылмыстар, кәмелетке толмағандарға қарсы, сондай-ақ оларды қылмыстық іске тартумен байланысты қылмыстар). Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев кеңеске қатысушыларға жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларының саны (13 391-ден 10 408-ге дейін немесе 22,3 пайызға) және онда жарақаттанған (17 797-ден 13 599-ға дейін немесе 23,6 пайызға), қаза тапқан (1 846-дан 1 524-ке дейін немесе 17,4 пайызға) тұлғалардың саны едәуір азайғаны тіркелді. Алайда бұл негізінен, қатаң карантиндік шектеулер кезеңінде көлік қатынасы қарқынының төмендеуіне байланысты.
Еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің саны әлі де көп. Көлік жүргізушілерінің жол тәртібі сақтамауына және жол желісі қауіпсіздігінің төмен деңгейіне байланысты проблемалар сақталуда. Осы ретте кеңеске қатысушылардың ой-пікірі заңға бағынуды насихаттау және қалалар мен ірі елді мекендердегі көше-жол желісін реттеу проблемаларын шешу үшін бірлескен шаралар қабылдауға бағытталды.
Жиын соңында Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы еліміздегі құқықтық тәртіпті жақсарту, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік беру және қоғамдағы қылмыстық деңгейді төмендету үшін қарастырылған мәселелердің маңыздылығын атап өтті.
«Орталық Азия» халықаралық сауда орталығының құрылысы қашан басталады?
Бизнес • Бүгін, 14:55
Білім • Бүгін, 14:47
Төлеби ауданында оқушылар үйі салынады
Білім • Бүгін, 14:45
Жетісу «жасыл аймаққа» қайта оралды
Аймақтар • Бүгін, 14:38
Байғабылда су мұнарасы құлап қалды
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Президент: Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында – артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді
Президент • Бүгін, 14:17
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандық вакцинаны салдырамын
Президент • Бүгін, 14:05
Президент тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажеттігін айтты
Қоғам • Бүгін, 13:56
Қызылордада биыл 4 ірі жоба іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі байланыс пен интернет сапасын сынға алды
Технология • Бүгін, 13:42
Үкіметке жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан жайылымдар қайтарылуы тиіс
Президент • Бүгін, 13:35
Шатырдағы мұз сүңгілері құлап, 11 жастағы бала көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Президент Үкіметке «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 13:23
Жайық өзенінің экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады - Президент
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Жер кодексіне түзетулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Елорда әкімі тұрғындардың газдың бағасына келіспеушілігі болғанын мойындады
Елорда • Бүгін, 13:05
Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі құрылады
Президент • Бүгін, 13:04
Президент азаматтар қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналасатын үш өңірді атады
Қазақстан • Бүгін, 12:58
Боранда жолға шыққандар жапа шекті
Оқиға • Бүгін, 12:57
Президент бюджетке түсетін салықтың аз екенін айтты
Президент • Бүгін, 12:51
Жерлесіміз АТР чемпиондық жарысында үшінші орынға көтерілді
Теннис • Бүгін, 12:49
Гүлшара Әбдіхалықова облыстағы құрылыс қарқынының баяулау себебін түсіндірді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Президент шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды
Экономика • Бүгін, 12:47
Қаржы • Бүгін, 12:46
Үндістанда екпе туралы қауесет таратқандар жазаға тартылады
Әлем • Бүгін, 12:43
Биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болады
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қ.Тоқаев Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасына тапсырма берді
Президент • Бүгін, 12:38
IIHF хоккейден әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы бүгін анықтайды
Хоккей • Бүгін, 12:37
Алексей Цой: Үш өңірдің эпидемиялық ахуалы жеткілікті деңгейде қадағаланбай жатыр
Медицина • Бүгін, 12:37
Жамбыл облысында қылмыс деңгейі төмендеді
Аймақтар • Бүгін, 12:32
СҚО-да қолайсыз ауа райынан төрт автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Президент Үкіметке Қызылорда облысына қолдау көрсетуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:24
«Қазақ радиосы»: Нұр-Сұлтанда көптеген көше атауы ауысып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:22
«СҚ-Фармация»-ны бақылаушы құрамға арнайы қоғамдық жұмыс тобы құрылды
Медицина • Бүгін, 12:20
Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінімдер қабылдау басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:19
«Жүйесіз сөз иесін табады» - депутат Ахметов өзін сынағандарға жауап берді
Қазақстан • Бүгін, 12:19
Өткен жылы 700 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алған
Бизнес • Бүгін, 12:15
iKomek109: Есірткіге тәуелді жандарға консультация беріледі
Аймақтар • Бүгін, 12:13
Қорғаныс министрлігінде апталық аппарат кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 12:11
Жер учаскесі онлайн рәсімделеді - Асқар Мамин
Қоғам • Бүгін, 12:04
Елімізде 100 жаңа ІТ-компания құрылады
Қазақстан • Бүгін, 12:02
Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағы үшін таласпайтын болды
Спорт • Бүгін, 12:00
Үкіметтің биылғы басты мақсаты – экономика өсімін 3 пайыз деңгейінде ұстап тұру
Қазақстан • Бүгін, 11:57
Қазақстандықтардың өмір сүру жасы 73,3 жасқа ұзарады
Қоғам • Бүгін, 11:57
Президент вакцинация мәселесіне қатысты тапсырма берді
Президент • Бүгін, 11:56
ЖОО сапасын арттыру үшін 20 академиялық орталық құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:54
2021 жылы әлемдік экономика 5,2%-ға дейін қалпына келуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 11:49
Алматыда автобус қаққан әйел оқиға орнында мерт болды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Антикорда мониторингтік топтың жылдық қорытындысы шығарылды
Қазақстан • Бүгін, 11:46
Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматқа көшіріледі
Білім • Бүгін, 11:44
Алексей Цой дәрі тапшылығына байланысты сұраққа жауап берді
Үкімет • Бүгін, 11:40
Бюджет саласындағы 1 млн-нан астам қызметкердің жалақысы өседі
Үкімет • Бүгін, 11:36
2021 жылы теңге бағамын тұрақтындыру бойынша жұмыстар жалғасады – Ерболат Досаев
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Ұлттық банктің активтері жоғары деңгейде қамтамасыз етілді
Үкімет • Бүгін, 11:32
Халыққа тегін вакцинация жасау қамтамасыз етіледі
Үкімет • Бүгін, 11:28
Үкімет басшысы 2021 жылда дамыту тиіс 7 басты бағытты атады
Президент • Бүгін, 11:18
Қызылордада 10 жасар баланың өліміне қатысты істі арнайы комиссия тексереді
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Қазақстан тұрғын үй құрылысы бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында
Қазақстан • Бүгін, 10:55
Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
Президент • Бүгін, 10:54
Қазақстанда алғаш рет Климат сағаты пайда болды
Қазақстан • Бүгін, 10:47
Спорт • Бүгін, 10:47
Даңқты Уэйн Гретцки 60 жасқа толды
Хоккей • Бүгін, 10:45
Коронавирус уақыты соңғы 100 жылдықтағы ең ауыр дағдарыс - БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:43
Бүгін Валентин Йордановтың туған күні
Күрес • Бүгін, 10:35
Қызылорда облысында «қызметкерімен төбелескен» аудан әкімі туралы нақты ақпарат айтылды
Аймақтар • Бүгін, 10:30
Атырауда І топтағы мүгедек дипломын 13 жылдан соң алды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймақта тұр
Коронавирус • Бүгін, 10:21
Бағдат Мусин қауіпсіздік саласындағы цифрлық жобалармен танысты
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Автокөлікті мобильді қосымша арқылы онлайн тіркеуге болады
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Ұқсас жаңалықтар