Кітапты Canongate баспасы 2022 жылы күзде басып шығарамыз деп жоспарлап отыр. Редакторы Алан Тейлор. «Бұл күнделіктер актер Алан Рикманды ғана емес, оның шын болмысын – өнерге деген сүйіспеншілігі мен кәсібилігін ашып көрсетеді», деді актердің әйелі Рима Хортон.
Рикман күнделіктерінде актерлік шеберлік туралы ойларымен қатар өзі көрген пьесаларға да шолу жасайды. Бұдан бөлек саясатқа қызығушылығын, түрлі шымылдық сыртындағы оқиғаларды, «Гарри Поттердің» түсірілімі жайында жазады.