Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Мүгедектердің құқығын бұзғандар анықталды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша ҚР Еңбек министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өңірлік департаменттері жүргізген тексерулер барысында 472 объектіде мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне кіріп-шығуын қамтамасыз ету бойынша бұзушылықтар анықталды.

Мүгедектердің құқығын бұзғандар анықталды

Жоғарыда аталған кезеңде мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет және көліктік қызмет көрсету салаларындағы объектілерде бұзушылықтарды анықтау бойынша барлығы 658 бақылау іс-шарасы өткізілді. Оның ішінде 624 объектіде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету тұрғысынан тексеру жүргізілді. Бұл ретте профилактикалық бақылау шеңберінде 459 тексеру жүргізілді, азаматтардың өтініштері бойынша жоспардан тыс 199 тексеруге бастамашылық етілді.

Тексеру нәтижесінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және оларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы 472 ұйғарым берілді, олардың 37-сі бойынша жалпы сомасы 9,1 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Қазақстанда барлығы 34 883 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі бар, оның ішінде 34 509 объектіде жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны ұйымдастыру тұрғысынан паспорттау жүргізуді жоспарлап отыр. 2020 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша рәсім 34 279 объектіде жүргізілді. Айта кету керек, 25 648 (75%) паспортталған объект қосымша бейімделуге тиіс. Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша олардың 24 939-ы бейімделді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше